Ана сүтімен тамақтандыру – балалар денсаулығының негізі
2018 жылғы 1-7 тамыз аралығындағы облыстық перинаталдық орталықта «Ана сүтімен тамақтандыру – балалар денсаулығының негізі» ұранымен Ана сүтімен тамақтандырудың Бүкіләлемдік апталығы және Ұлттық апталығы шеңберінде бірқатар іс-шаралар өткізілді:
клиникалық-диагностикалық блокта баланы омырауға салу бойынша мастер-класс, сондай-ақ болашақ аналарға, бала емізетін аналарға және қолдау көрсететін тұлғаларға ана сүтімен тамақтандырудың қағидалары түсіндірілген консультациясы бар Ашық есік күні шарасы;
жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде жүкті әйелдер арасында бала денсаулығы үшін омыраумен тамақтандырудың пайдасы туралы ақпараттандыру бойынша викторина өткізілді.
«Ана мен бала» палатасы бөлімшесінде дені сау бала кабинетінде бала емізетін аналар үшін 6 айдан бастап қосымша азық беру дағдыларына, омыраумен тамақтандыруды аяқтау, лактостаздың, маститтің дамуының алдын алу бойынша оқыту сабағы ұйымдастырылды.
нәрестелер патологиясы бөлімшесінде белгілі бір себептерге байланысты омырауды сора алмайтын баланы (әлсіз, салмағы аз бала, баланың ауыруы, шала туылған бала) тамақтандыру проблемалар жөнінде «дөңгелек үстел» өтті.
Дәрігер-неонатолог Жақсыбаева Рахима Қадырбаевна «Ана сүтімен тамақтандырудың пайдасы» тақырыбы бойынша «Күн шуақ» телехабарына қатысты.
https://p-center.kz/kz/2019-06-27-06-20-10#sigFreeId34a642568f
Жіті ішек инфекциясы
Жіті ішек инфекциясы – бұл жинақтаушы ұғым. Мұнда вирустармен (энтеровирус, ротавирус ифнекциясы) және бактериялармен (іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия, тырысқақ және т.б.) тудырылған ішек инфекциялары кіреді.
Осы топ инфекциялары үшін аурулар белгілерінің көпшілігі бір-біріне ұқсас болып келеді. Науқаста дене қызуы көтеріледі, жалпы әлсіздік, қалжырағандық, жүректің айнуы, құсу пайда болады. Іш төңірегінде толғақ тәрізді ауырсыну мазалайды, бірнеше рет іштің өтуі жүреді. Ауру балаларда өте ауыр дамиды, өйткені зат алмасу бұзылады, нерв жүйесі зақымдалады, ағзаның сусыздануы жүреді, жүдейді. Сондықтан жіті ішек инфекцияларымен балалар ауырған кезде медициналық көмекке уақытылы жүгіну аса маңызды.
Вирустық және бактериалдық ішек инфекцияларының көзі – адамдар (аурудың клиникалық белгілері бар және қоздырғышты тасымалдаушылар) мен жануарлар болып табылады.
Жіті ішек инфекциясымен ауыратын науқас қоршаған адамдар үшін қауіп төндіреді. Құсықпен, сұйық нәжіспен бірге қоршаған ортаға көп мөлшерде ауру қоздырғыштары бөлінеді. Тұрмыстық заттарда, ыдыс-аяқтарда, балалар ойыншықтарында, орамалдарда 5-7 күн бойы өмір сүруге қабілетті микробтар қалады.
Жіті ішек инфекцияларымен кез-келген жастағы адамдар ауырады, алайда 3-6 жастағы балалар арасында сырқаттанушылық едәуір жоғары болып келеді. Бұл балалар ағзасындағы қорғану күштерінің жеткіліксіздігімен және балаларда гигиеналық дағдылардың болмауымен байланысты. Балалармен гигиена ережелерін өте қатаң сақтау қажет, себебі олардың ағзасының ауру тудырғыш микробтарға және олардың токсиндеріне төтеп беруі осалдау болады, ал ағзаның өзі инфекциялардан зардап шегіп, олармен күресте тез тозиды.
Жазғы уақытта ішек инфекцияларының саны да сөзсіз өседі. Оған бірнеше себеп бар. Олардың негізгілері жөнінде айта кетелік.
Біріншіден, жылы уақыт азық-түлік өнімдеріне (сүт, ет, балық өнімдері, сорпа) түскен кезде ауру тудырғыш микроорганизмдер мөлшерінің аса тез көбеюіне және олардың асқазан-ішек жолдарының қорғаныш кедергілерін бұзып шыға алатындай мөлшерге жетуіне ықпал етеді.
Екіншіден, жазда жеміс-жидектер мен көкөністер көп мөлшерде тұтынылады, олардың жуылмаған беткі қабаттарында микробтардың көп мөлшері, оның ішінде әлеуетті қауіпті түрлері мекендейді.
Үшіншіден, жазда балалар көшеде көп уақыт өткізеді және таза қолмен тамақ ішу – міндетті ереже екенін ата-аналары әрқашан есіне түсіре бермейді.
Төртіншіден, жаз мезгілінде балалар және олардың ата-аналары ашық су айдындарында шомылғанды ұнатады. Суда микроорганизмдердің өмір тіршілігі көп уақыт бойы (бірнеше айға дейін) сақталады.
Бейнероликтер
Менингококкты инфекцияны алдын алу инфограммасы

Дүниежүзілік иммундау апталығы
Нәрестелер патологиясы бөлімшесінде жатқан аналармен балаларды вакцинациялаудың өзекті мәселелері, екпе алудың мен вакцинациядан кейінгі кезеңде бақылау ережелері талқыланды. Ауруханалық эпидемиолог О.В. Рассолова, аға медбике С.А. Мурашкинцева және бөлімшенің аға медбикесі Д.Ш. Каржауова иммунопрофилактиканың жетістіктері, пайдаланылатын вакциналар мен басқа да егу препараттары, сондай-ақ иммундаудан бас тартудың салдары туралы толық әңгімелеп берді.
Бұл кездесу - перинаталдық орталықта үнемі жүргізілетін шаралардың бірі. Бүгін ол Дүниежүзілік иммундау апталығына арналған.
https://p-center.kz/kz/2019-06-27-06-20-10#sigFreeId0f26e467f3
Облыстық перинаталдық орталықтың кеңесші-диагностикалық блок бөлімшесінде 4 ақпан - Дүниежүзілік обырға қарсы күніне және онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған "Омырау бездері обырының алдын алу" тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгімені медбике Әбішева Жұлдыз өткізді.
2018 жылғы 9 ақпанда эпидемиолог О.В. Рассолова "Облыстық перинаталдық орталықта туберкулездің алдын алу шаралары" тақырыбында қызметкерлер үшін семинар өткізді. Семинарда облыстағы эпидемиялық ахуал, перинаталдық орталықтың 2017 жылдағы жұмыс көрсеткіштері, профилактикалық және эпидемияға қарсы жұмыстағы іс-қимылдар алгоритмі талқыланды.
https://p-center.kz/kz/2019-06-27-06-20-10#sigFreeId89211235bb
Облыстық перинаталдық орталықтың нәрестелер патологиясы бөлімшесінде инсульттің алғашқы белгілерін айырып тануға және медициналық қызметке уақытылы жүгінуге, сондай-ақ инсультті бастан кешірген пациенттерді айрықша емдеу мен оларды емдеудің оң нәтижесіне арналған бейнероликті көрсету ұйымдастырылды. Сонымен қатар, медбике Д.Ш.Каржауова нәрестелер патологиясы бөлімшесінің пациенттерімен инсульттің дамуының алдын алу жөнінде әңгіме өткізді.
https://p-center.kz/kz/2019-06-27-06-20-10#sigFreeId4583de6219
23 шілде және 21 тамыз аралығында Бүкіләлемдік вирустық гепатитпен күрес күніне орайластырылған «Гепатит ТОҚТА» ұранымен айлық өткізу шеңберінде Облыстық перинаталдық орталықта вирустық гепатиттер туралы хабардарлықты арттыру, оларды жұқтыру мен таралуын болдырмау шаралары, сондай-ақ халық арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әрбір ересек адамның өз денсаулығы мен балалар денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында жүкті әйелдермен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде АИТВ-инфекциясының жұғу жолдары, оның жұғуының және таралуының алдын алу шаралары туралы хабардарлықты арттыру мақсатында жүкті әйелдермен түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде жүкті әйелдерді толғақ кезінде өзін-өзі қалай ұстау керек, ауырсыну синдромын азайту үшін дене қалпын қалай өзгерту керектігі жөнінде үйрету сабағы жүргізілді. Сабақты акушер Лаура Бақтығали жүргізді.
https://p-center.kz/kz/2019-06-27-06-20-10#sigFreeId06b2415afd
2018 жылғы 1-7 тамыз аралығындағы «Ана сүтімен тамақтандыру – балалар денсаулығының негізі» ұранымен Ана сүтімен тамақтандырудың Бүкіләлемдік апталығы және Ұлттық апталығы шеңберінде 2018 жылғы 3 тамызда жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінде жүкті әйелдер арасында бала денсаулығы үшін омыраумен тамақтандырудың пайдасы туралы ақпараттандыру бойынша викторина өткізілді.
https://p-center.kz/kz/2019-06-27-06-20-10#sigFreeId96e2998996