Created: 25 Қазан 2019
2411

Халық үшін

Ана сүтімен емізудің артықшылығы

Ана сүті – емізулі баланың дене бітімі мен ой – санасының толыққанды дамуына ықпал ететін, баланың да, анасының да денсаулығына оңтайлы әсер тигізетін, бала үшін теңдесі жоқ қорек болып табылады.

Ана сүтімен емізу баланың иммунитетін қалыптастырып және денсаулығын нығайта отырып, ана мен бала арасындағы псиохоэмоционалдық байланыстың туындауына ықпал етеді.

Бала үшін артықшылықтары

Ана сүтінің құрамында  сіздің сәбиіңіздің қалыпты өсіп дамуына жеткілікті мөлшерде болатын барлық қажетті заттар: нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су, ферменттер болады.

Ана сүтін емген балалардың денсаулығы анағұрлым мықтырақ болады.

Ана сүті жұқпалы аурудардан қорғайды, сондай – ақ, аллергия, диабет және артық салмақтың даму мүмкіндігін азайтады.

Ана сүтін емген балалар арасында сәбилердің кенеттен өліп кету синдромының даму қаупі төмен болады.

Ана сүті стерилді, бактериялармен залалданбайды және де микробтарға қарсы тұратын қасиеттері бар.

Ана сүтінің температурасы қалыпты, әрқашан қолжетімді, стерилді және қауіпсіз қорек.

Ана сүтінде сәби миының дамуына қажетті алмастырылмайтын  май қышқылдары бар.

Ана үшін артықшылықтары

Ана сүтімен емізу босанғаннан кейінгі қан кету мен анемияның даму қаупін азайтады.

Омыраумен емізу ананың тән сымбатын қалпына  келтіруге көмектеседі. Ана сүтімен емізу жаңа жүктілікті болдыртпайды.

Ана сүтімен емізуді сәтті бастау анада өзінің сәбиін үйлдесімді қорекпен және дұрыс күтіммен қамтамасыз ете аламын деген сенімділіктің қалыптасуына жағдай жасайды.

Ана сүті әр уақытта қолжетімді және уақытты, қаражатты үнемдеуге, сонымен қатар күш-қуатты қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Ана сүтімен емізудің отбасы үшін артықшылықтары

Емізулі анаға арналған тиісті емдәмнің құны баланы тамақтандыруға арналған жасанды қоспаның құнынан төмен.

Ана үнемделген қаражатты отбасының басқа мүшелеріне қолдана алады.

Емізуге және  сүтті саууға қажетті қоспалар мен жабдықтарды (сүтсауғыш және т.б.) сатып алудың қажетті жоқ.

Отбасы электр энергиясына, суға т заттарға қосымша қаражатты шығындамайды.

Медициналық кеңестер, дәрі – дәрмектерге, зертханалық зерттеулерге және ауруханада жатуға арналған шығындар азаяды. Ана мен баланың денсаулығы мықтырақ болады.

Эмоционалдық байланыс

Ана мен бала арасында өзара сүйспеншілік сезімін оятатын тығыз қарым-қатынас туындайды.

Анада сәбиін емізуден және оны толыққанды күтім жасаудан эмоционалды қанағаттану сезімі қалыптасады.

Сәби сирек жылап, салмағы арта бастайды.

Анасының сенімділігі арта түседі.

Сәбидің тастанды болу немесе жәбірлену мүмкіндігі сирек кездеседі.