Миссия: Әрбір балаға, анаға және отбасыға кәсіби көмек, ықыласты күтім мен шынайы қамқорлық
Құндылықтар: жұмыстағы жоғары кәсібилік және пациенттерге сергек қарау, көшбасшылық пен тәлімгерлікті қолдау, кәсіби өсу мен қызметкерлердің өзін-өзі танытуы, жұмыс ахуалының уәждемесі.
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы, Орал қаласы.
Перзентхана 1985 жылғы 1 шілдеде ашылды. Перинаталдық орталық 2006 жылғы 18 тамызда ашылды.
Күніне 150 келушіге арналған және үшінші деңгейдегі ұйым болып анықталған.
Перинаталдық орталықтың қуаттылығы 145 койкаға есептеледі. Олардың ішінде: гинекология бөлімшесі - 20 койка, босандыру бөлімшесі - 60 койка, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі - 25 койка, нәрестелер патологиясы бөлімшесі - 40, сондай-ақ оған балалар мен ересектер реанимациясының - 12 койкасы және күндізгі стационардың - 15 койкасы кіреді.
Жұмысының негізгі мақсаты өңір тұрғындарына мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.
Орталықта 423 адам жұмыс жасайды. Олардың ішінде дәрігерлік персонал - 52, орта медбикелік персонал - 209, кіші медициналық персонал - 97, әкімшілік және техникалық персонал – 65 (мәліметтер 2020 жылдың желтоқсан айына алынған).
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы – жүкті әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге, босанатын әйелдерге, сондай-ақ репродуктивтік функциясы бұзылған әйелдерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
https://p-center.kz/kz/2019-06-26-07-04-59#sigFreeId55f24557c3