Тегін медициналық көмек
Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде әйелдер мен балаларға (18 жасқа дейін және оған толғандарды қоса алғанда) медициналық қызметтер көрсетіледі.
ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК стационарына пациенттерді емдеуге жатқызу Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2003 жылғы 22 желтоқсандағы №941 «Жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен (30.12.2005ж. жағдайындағы өзгертулер мен толықтыруларымен) реттеледі.
Осы бұйрыққа сәйкес: «жоғары мамандандырылған медициналық көмек-диагностика мен емдеудің аса күрделі әдістерін, сондай-ақ бірегей медициналық технологияларды пайдалануды қажет ететін аурулар кезінде азаматтарға медициналық ұйымдар көрсететін медициналық көмек».
Мемлекеттік тапсырыс бойынша Перинаталдық орталыққа емдеуге жатқызу (№20 нысан бойынша) үшін азаматтарға азаматтар тұрғылықты мекенжайы бойынша емдеуші дәрігерге баруы қажет, одан әрі қарай Перинаталдық орталыққа емдеуге жолдауды емхана дирекциясы жүзеге асырады.
ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК емделуге жату кезінде өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс:
- Тұрғылықты мекенжайы бойынша емхана берген жолдама түпнұсқасы;
- Жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік/паспорт);
- Медициналық құжаттардан толық көшірме, соның ішінде зертханалық және клиникалық зерттеулер қортындылары;
- Айырбастау картасы (босананатын әйелдер үшін);
ДТолық ақпаратты Сіз мына анықтама телефоны арқылы ала аласыз: 8 (7112) 266397.
Ақылы медициналық көмек
Батыс Қазақстан облысы тұрғындарының, соның ішінде шетел азаматтарының сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК жоғары сапалы медициналық көмектің әр түрлері бойынша мемлекеттік тапсырыстан тыс ақылы медициналық қызметтер көрсетеді. Бұл ақылы медициналық қызметтер білікті мамандармен еркін таңдау қағидасын сақтаумен және пациенттер емдеу үшін жайлы жағдай туғызу арқылы кез-келген санаттағы пациенттерге көрсетіледі.
Перинаталдық орталық бөлімшелері көрсететін ақылы қызметтер тізбесі айтарлықтай кең. Оған цитологиялық зерттеулер, диагностиканың сәулелі, функционалды және ультрадыбыстық әдістері, биохимиялық зерттеулер, әртүрлі аурулар жағдайындағы ИФА, серологиялық және жалпыклиникалық зерттеу әдістері, ұю жүйесі зерттеулері, ПТР-диагностика, иммунограммалар, медициналық-генетикалық зерттеулер, бактериологиялық зерттеулер, эндоскопиялық зерттеулер, сондай-ақ акушерлік-гинекологиялық және педиатриялық блокпен көрсетілетін емдеу және операциялық манипуляциялар кіреді.
Қабылдауларды, емдеу емшаралары мен кеңес берулерді акушер-гинеколог, балалар гинекологы, гинеколог-эндокринолог, психотерапевт, терапевт, дәрігер-генетик жүргізеді.
Диагностика бөліміне сәулелі, функционалды және ультрадыбыстық диагностика сияқты бөлімшелер енеді, сондай-ақ ақылы негізде диагностикалық зерттеулер жүргізіледі.
Қалпына келтірулік емдеу бөлімшесі ақылы негізде амбулаторлық пациенттерге сауығу бағдарламаларын ұсынады. Науқастарды кешенді емдеу жүргізіледі: емдеу дене шынықтырулары, физитерапия, массаж, диетология, жалпы терапия.
Қалпына келтірулік емдеу бөлімшесі ақылы негізде амбулаторлық пациенттерге сауығу бағдарламаларын ұсынады. Науқастарды кешенді емдеу жүргізіледі: емдеу дене шынықтырулары, физитерапия, массаж, диетология, жалпы терапия.
Емделу үшін ақы төлеу жасалған шарт негізінде қолма-қол төлеусіз де (сақтандыру компанияларының, жұмысберушілердің, демеушілердің қаражаттары және т.б.) жүзеге асырылуы мүмкін.
Перинаталдық орталықта барлық көрсетілген және ақысы төленген медициналық қызметтер үшін төлем құжаты мен кассалық түбіртек беріледі.
Ақылы негізде медициналық көмек алу үшін ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК амбулаторлық-емханалық звено мамандарына тікелей қаралуы қажет. Ақпарат алу үшін 8 (7112) 266397 телефоны бойынша тіркелу бөліміне хабарласу қажет немесе біздің сайттың «Байланысу» тарауындағы ақпаратты қараңыз.