Created: 05 Шiлде 2019
2532

ПАЦИЕНТТЕРДІ ҚОЛДАУ ЖӘНЕ ІШКІ БАҚЫЛАУ ҚЫЗМЕТІ

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-да «Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі»туралы ереже әзірленді және енгізілді.

Пациенттерді қолдау қызметі функцияларына медициналық көмек көрсету тәртібінің бұзылу фактілерін анықтау жатады. Осыған орай, егер Сіз:

  • Көрсетілген медициналық көмектің сапасына қанағаттанбасаңыз;

  • Тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақша бопсалау фактісімен тап болсаңыз;

  • Сондай-ақ, егер Сіз медициналық көмек көрсету тәртібі және сапасымен байланысты өзге де проблемалармен кезіксеңіз, Сіздің Пациенттерді қолдау қызметіне (ішкі бақылау қызметі) жүгінуге құқығыңыз бар.

Пациенттің құқықтарын қорғау мақсатында мыналар жұмыс жасайды:

  • Сенім телефоны – 26-64-42strong>осы нөмір бойынша медициналық персоналдың қызметтік этика нормаларын бұзу фактілері жөнінде хабарлай аласыз.

  • Шағымдар мен ұсыныстар жәшігі”, оған аты-жөніңізді және байланыс деректеріңізді (телефон, мекенжай) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді салуға болады.

  • бірінші басшының “блог- платформасы біздің сайтымызда: p-center.kz.

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді қарап, қысқа мерзім ішінде немесе бес күнтізбелік күннен кешіктірмей, өтінішіңіздің нәтижесі бойынша Сізге ақпарат ұсынады

Құрметті азаматтар!

Құрметті пациенттер!

 

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды.

Бұл бағдарлама қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Егер Сізде немесе сіздің балаңызда Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім) енгізілген аурулар болған жағдайда бюджет қаражаты есебінен шетелде ем ала аласыз (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін ауру расталған жағдайда, сондай-ақ, медициналық мекемелерде қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты жеріңіздегі бейінді маманға бейінді республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар пакетін алған күннен бастап Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне пациент туралы деректерді Күту тізіміне енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады.

Құжатты қарау туралы толық ақпарат алу үшін сіз “Univercity Medical center” корпоративтік қорының umc.org.kz ресми сайтына тіркеліп, Жеке кабинет құруыңыз қажет.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).