Медиицналық кеңесте директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Е.Г.Ералиннің "Облыстық перинаталдық орталықтың 2019 жылғы қызметін талдау", О. Н. Гехманның "Неонатологиялық қызмет жұмысының 2019 жылдағы негізгі көрсеткіштері", Е. М. Жолдыбаеваның "2019 жылғы медициналық-генетикалық қызметті талдау" баяндамалары тыңдалды. Қорытынды сөзбен Г.М.Абдрахманова сөз сөйлеп, перинаталдық орталықтың 2019 жылдағы жұмысын "қанағаттанарлық" деп бағалады.