Создано: 09 февраля 2018
313

МЕДИЦИНАЛЫҚ КЕҢЕС ТУРАЛЫ

 2018 жылғы 7 ақпанда Облыстық перинаталдық орталық базасында БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының медициналық көмекті ұйымдастыру жөніндегі орынбасары Г.М. Абдрахманованың және ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бас маманы А.Ж. Аспандиярованың қатысуымен орталықтың 2017 жылдағы жұмыс қорытындысы бойынша медициналық кеңес өтті.

Медициналық кеңесте директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Е.Г.Ералин, директордың неонатология және педиатрия жөніндегі орынбасары О.Н.Гехман, сондай-ақ БҚО денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас мамандары: штаттан тыс неонатолог Н.Н. Джунусова, штаттан тыс генетик Е.М. Жолдыбаева, штаттан тыс УДД маманы С.У. Джумагазиева –сөз сөйледі. Негізгі міндет мониторинг жүргізу, акушерия мен гинекологиядағы шұғыл жағдайларды төмендету болып табылатын облыстағы ахуал талқыланды. Кеңес соңында Г.М. Абдрахманова қорытынды сөз сөйлеп, перинаталдық орталықтың 2017 жылдағы жұмысына қанағаттанарлық деген баға берді.