Бедеулікті, репродуктивтік жүйе ауруларын диагностикалау және емдеу тактикасын айқындау мақсатында, 2018 жылғы 1 ақпанда ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ның кеңесші-диагностикалық блогында Самара қаласындағы «Мать и дитя-ИДК» клиникасының дәрігерлері: акушер-гинеколог репродуктолог Гукасян Сергей Норенци және хирург Игнатьев Алексей Валерьевичтің қатысуымен «Бедеулікті емдеудегі және хирургиялық гинекологиядағы қосалқы репродуктивтік технологиялар» тақырыбында дәрігер акушер-гинекологтарға, урологтарға, андрологтарға және пациенттерге арналған семинар өтті.
2018 жылғы 2 ақпанда дәрігер акушер-гинеколог (репродуктолог) Гукасян Сергей Норенци репродуктивтік проблемалар бойынша пациенттерге консультация берді; дәрігер акушер-гинеколог (хирург) Игнатьев Алексей Валерьевич гинекологиялық операциялар жүргізу бойынша пациенттерге консультация берді. Барлығы 40 пациентке консультация берілді.