Байланыс деректемелері

Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы,,
К. Ахмиров көшесі, 4.
Дәулеткерей және Мұхит көшелерінің қиылысы
Тел.: 8 (7112) 26 63 97
Факс: 26 63 46
E-mail: [email protected]

Статистика

243110
Келушілердің бүгінгі саны: Келушілердің бүгінгі саны: 12
Апта бойғы келушілер саны: Апта бойғы келушілер саны: 1249
Келушілердің барлығы: Келушілердің барлығы: 243110
Қазақстан АИТВ-инфекциясынсыз

АИТВ-инфекциясын диагностикалау мен емдеу Қазақстанда әрбір азаматқа қолжетімді және тегін негізде жүзеге асырылады. Республика бойынша жыл сайын 10% астам халық, АИТВ-ға тестілеуден өтеді.

Профилактикалық шараларды сақтай отырып, АИТВ-инфекциясының алдын алуға болады: кездейсоқ адамдармен қорғансыз жыныстық қатынас жасаудан аулақ болу, уақытылы диагностикадан өту және жыныстық жолмен жұғатын инфекцияны емдеу, залалсыздандырылған аспаптарды пайдалану және АИТВ-ға тест тапсыру.  

АИТВ-мен өмір сүретін, вирусқа қарсы терапия қабылдайтын адамдар ұжымның толыққанды мүшелері және қоғам үшін қауіпті емес болып табылады.

Қазақстанда АИТВ-ның анадан балаға берілуін АИТВ-инфекциясын жұқтырған әйелге жүктілік кезінде уақтылы диагностикадан өту, босану кезінде, босанғаннан кейін және жаңа туған балаға вирусқа қарсы терапияны ұсыну арқылы профилактикалау қамтамасыз етіледі.

2014 жылы АИТВ-ның анадан балаға берілу деңгейі  1,8%-ға дейін төмендеді. (ДДҰ-ның ұсынымы кемінде 2%)

2014 жылы емдеумен қамтамасыз ету 72,4% құрады. Өлім көрсеткішін      2010 жылғы 16,1%-дан 2014 жылғы 8,7%-ға төмендету бойынша оң динамикаға қол жеткізілді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Қазақстан аумағында эпидемиологиялық процесті дамыту шоғырландырылған сатыда (1,1 орта әлемдік көрсеткіш кезінде халықтың 0,2%).

Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік индексінің 2015-2016 жылдардағы рейтингісінде «15-49 жас аралығындағы халықтың арасында АИТВ-инфекциясының таралуы» көрсеткіші бойынша Қазақстан бірінші орын алатын елдердің тобына кірді.

2009 жылдан бастап иньекциялық есірткіні тұтыну кезінде  берілу жолының парентералды үлесін төмендету үрдісі бақылануда, 2014 жылы ол 32% құрады.