Байланыс деректемелері

Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы,,
К. Ахмиров көшесі, 4.
Дәулеткерей және Мұхит көшелерінің қиылысы
Тел.: 8 (7112) 26 63 97
Факс: 26 63 46
E-mail: [email protected]

Статистика

243267
Келушілердің бүгінгі саны: Келушілердің бүгінгі саны: 169
Апта бойғы келушілер саны: Апта бойғы келушілер саны: 1406
Келушілердің барлығы: Келушілердің барлығы: 243267
Біздің ұжым

Николай Борисович Дмитриенко – «Облыстық перинаталдық орталық» (бұрын, 1985-2006 жылдары № 3 Облыстық перзентхана) директоры. Мекемені 1985 жылы ашылған сәтінен бастап қазіргі уақытқа дейін басқарып келеді. Қазіргі заманғы басшының үлгісі болып табылады. Оның басшылығының арқасында ұжым жоғары өндірістік көрсеткіштерге, материалдық-техникалық базаның қазіргі заманғы жабдықталуына қол жеткізді.

Біздің тату, жұмысқа қабілетті, бастамашыл ұжым.

Дәрігер-неонатологтың дағдылы жұмыс күндері. Дәрігер-неонатолог Ольга Николаевна Гехман кішкентай емделушілерді дәрігерлік аралау кезінде.


Денесінің салмағы 500,0 гр-нан бастап және одан жоғары болатын салмағы төмен жаңадан туылғандарды күтіп-бағу. Жұмыс үлкен кәсібилік пен шеберлікті талап етеді.


Босандыру блогы акушерінің жұмысы. Босануды жаңа технологиялар бойынша жүргізу. Босану сәтті өтуі үшін акушер мен босанатын әйелдің арасындағы өзара түсіністік, сенім қалыптасуы қажет.

Босанғаннан кейінгі бөлімшеде «аналар мектебі» сәтті жұмыс істейді.
Нәрестелер бөлімшесінің аға медбикесі Алмагүл Хайсағалиқызы Аюпова жаялық дерматитін алдын алу бойынша сабақтар жүргізіп, сыйлықтар (Pampers) ұсынып жатыр. Аталған бағдарлама Педиатрия ғылыми-зерттеу институтымен бірге 10 жыл бойы сәтті жүргізіліп келеді.

«Ана мен бала» бірге болу палатасында медбикенің жұмысы. Егіз сәбидің бақытты анасы. Ананы жаңадан туылғандарды күтіп-бағу және ана сүтімен қоректендіру бойынша оқыту (үйрету).

Облыстық перинаталдық орталық ұжымы үлкен емдеу-профилактикалық жұмыс атқарады. Бұған қажеттінің барлығы бар: біліктілік, материалдық-техникалық жабдықталу, және ең бастысы – жұмыс істеуге ынтаның болуы.

Ананың бақытты күлімсіреуін көру – біздің еңбегіміздің үлкен жемісі!