
Біздің міндетіміз: пациенттердің сұраныстарын қанағаттандырумен қызметкерлердің кәсібилігінің, жоғары технологиялардың және замануи жабдықтардың үйлесімділігі негізінде жоғары сапалы медициналық қызметтер ұсыну арқылы ана мен бала денсаулығын қорғау.
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы, Орал қаласы.
Перзентхана 1985 жылғы 1 шілдеде ашылды. Перинаталдық орталық 2006 жылғы 18 тамызда ашылды.
200 орынға және күніне 150 келушіге арналған және үшінші деңгейдегі ұйым болып анықталған.
Жұмысының негізгі мақсаты өңір тұрғындарына мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.
Орталықта 470 адам жұмыс жасайды. Олардың ішінде дәрігерлік персонал - 66, аға медбикелік персонал - 208, кіші медбикелік персонал - 115, әкімшілік және техникалық персонал - 81 (мәліметтер 2015 жылдың маусым айына алынған).
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы – жүкті әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге, босанатын әйелдерге, сондай-ақ репродуктивтік функциясы бұзылған әйелдерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
Перинаталдық орталықтың құрылымы:1. Кеңесші-диагностикалық блок:
- жүкті әйелдерге арналған кеңес беру кабинеттері
- бала көтере алмау жөніндегі кабинет
- репродуктивтік функциясы бұзылған ерлі-зайыптыларға арналған кеңес беру кабинеттері
- отбасыны жоспарлау кабинеті
- дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер-терапевт және басқа да мамандар кабинеттері
- медициналық-генетикалық кеңес беру кабинеті
- психолог кабинеті
- ем-шара кабинеті
- кіші ота жасау бөлмелері
- физиотерапевтік кабинет
- стоматологиялық кабинет
- күндізгі стационар
- УДЗ кабинеті (ультрадыбыстық диагностика)
2. Акушерлік - гинекологиялық блок.
- 10-нан астам жеке босандыру залдары,
- акушерлік, педиатриялық, гинекологиялық стационарлар
Облыстық перинаталдық орталықта ең күрделі босандыруларды сәтті өткізу
үшін қажеттінің барлығы бар
Барлық батыс өңірде бірінші болып табылатын кешенде болашақ анаға бақылау жасаудан бастап сауықтырылған нәрестені ауруханадан шығарумен аяқталатын медициналық қызметтердің толық циклі көрсетіледі. Бұрын асқынулармен дүниеге келген нәрестелерді балалар ауруханасына жеткізу қажет болды. Ал бүгінгі таңда біздің орталық босандыруға жәрдемдесу мен нәрестелерге күтім жасауға қажетті заманауи жабдықтардың барлығы жарақталған.
Ауруханада науқастардың жатып емделуіне жайлы, тіпті өте жақсы жағдай жасалған
Орталық дәрігерлері Қазақстанның басқа қалаларында, Ресейде және Прибалтика елдерінде, Израильде және Литвада мамандандырылудан өтеді. Бірінші балаларын босанған әйелдер екінші, үшінші балаларын босануға да осында келеді.
Мұнда медициналық көмекті Сіз бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы мамандарынан жолдама алып ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілді көлемі) бағдарламасы немесе орталықпен шарт жасасып ақылы негізде бойынша ала аласыз.
Мына мекенжай бойынша хабараласыңыз:
БҚО, Орал қаласы, К. Ахмиров көшесі, 4
( Мұхит және Даулеткерей көшелерінің қиылысы).
Байланыс тел. 26-63-97
Ақылы қызметтер жөніндегі әкімгердің телефоны 26-63-83
|