Байланыс деректемелері

Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы,,
К. Ахмиров көшесі, 4.
Дәулеткерей және Мұхит көшелерінің қиылысы
Тел.: 8 (7112) 26 63 97
Факс: 26 63 46
E-mail: [email protected]

Статистика

243257
Келушілердің бүгінгі саны: Келушілердің бүгінгі саны: 159
Апта бойғы келушілер саны: Апта бойғы келушілер саны: 1396
Келушілердің барлығы: Келушілердің барлығы: 243257
Қызмет саласы

Перинаталдық орталықта ауыр патологиясы бар жаңа туылған нәрестелерге, жүкті әйелдерге және жүктілік патологиясы, бала көтере алмау, көпұрықты жүктілік бойынша гинекологиялық науқастарға жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетіледі; шала туылған нәрестелерге күтім жасау жүргізіледі. Көрсетілетін медициналық қызметтер тізбесіне жедел босандыруға жәрдемдесу қызметі де енеді. ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ның емдеу-диагностикалық қызметінің негізгі түрлері мыналар болып табылады:

  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акушерлік-гинекологиялық бейін бойынша тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету (жедел гинекология, жүкті әйелдер патологиясы, босандырулардың физиологиясы ждәне патологиясы, нәрестелерге күтім жасаудың екінші кезеңі, реанимация, соның ішінде балалар реанимациясы)
  • ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен бекітілген емделу жағдайын қаржыландырудың шекті көлеміне және базалық мөлшерлемесіне, көмек түрлерінің тізбесіне сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен және тұрғылықты мекенжайы бойынша бекітілген емхана маманының жолдамасы бойынша, қаланың денсаулық сақтау басқармасымен айқындалған көлемде Орал қаласы бюджеті қаражаты есебінен жоғары мамандандырылған медициналық көмек.
  • Келесі мамандықтар бойынша кеңесші-диагностикалық көмек: акушерия және гинекология, анестезиология және реаниматология, жалпы терапия. Зертханалық диагностика (жалпы клиникалық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, бактериологиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер, серологиялық зерттеулер), рентгенологиялық диагностика, ультрадыбыстық диагностика, функционалдық диагностика. Мына мамандықтар бойынша балаларға стационарлық медициналық көмек: неонатология, анестезиология және реаниматология, массаж, физиотерапия.
  • ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ы директорымен бекітілген тәртіпке сәйкес, тұтынушылар мен Орталық арасында жасалған шарттардың негізінде тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне енбейтін ақылы қызметтер көрсету.
  • Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, мамандандырылған қызметтер, облыс тұрғындарына акушерлік, гинекологиялық, неонатологиялық көмек көрсету болып табылады.

  • Кәсіпорын қызметінің мәні-жайы болып табылады:


  • өңірдегі жүкті әйелдерді білікті тексеру, емдеу мен босандырудың оңтайлы тактикасын таңдау;
  • жүктілігінде асқынулары бар жүкті әйелдерді білікті емдеу, жоғары қауіп тобын анықтау;
  • жаңа туылған нәрестелерге білікті көмек, қарқынды реанимациялық көмек көрсету, шала туылған нәрестелерге күтім жасау;
  • көшпелі кеңес беру көмегін көрсету;
  • бір жасқа дейінгі балаларға кеңес беру көмегін көрсету;
  • тұрғындарға отбасыны жоспарлау мәселелері бойынша кеңес беру;
  • медициналық-генетикалық кеес беру;
  • өңірдің медициналық қызметкерлеріне оқу-әдістемелік және ұйымдастыру көмегін көрсету;
  • акушерлік және педиатриялық қызметтер жұмысындағы сабақтастықты жақсарту;
  • әйелдер мен балалалар арасындағы науқастануды, өлім-жітімді және мүгедектілікті төмендету;

  • Кәсіпорын қызмет мән-жайына сәйкес мына қызметтерді көрсетеді:


  • қолданыстағы заңнамаға сәйкес, тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде тегін медициналық көмекті және мемлекеттік басқару органымен келісілген баға бойынша қызметтерді;
  • кәсіпорынның өзбетімен белгіленген тізбе мен баға бойынша ақылы медициналық қызметтерді.