2015 жылғы 18-19 сәуір күндері П. Атоян атындағы стадионда қалалық медициналық қызметкерлердің спартакиадасы өтті. Оған облыстық перинаталдық орталықтан 28 адам қатысты.
Медициналық қызметкерлердің спартакиадасы жыл өткен сайын баршаға белгілі бола түсуде және қатарына бұрын спортпен шұғылдануға тиісті мән бермеген медициналық қызметкерлер көптеп тартуда. Спартакиадаға қатыспаған медициналық мекеме мүлдем жоқ деп айтуға болады. Командалық, сонымен қатар жеке біріншілікте де жеңімпаз атану үлкен абырой болып саналуда.
Спартакиада спорттың көңілді старт, жеңіл атлетика, шағын футбол, арқан тарту, парктік волейбол тәрізді түрлері бойынша өткізілді.
Жарыстардың қорытындысы бойынша қатысушылар мен жеңімпаздарға командалық және жеке сынақтарда дипломдар, кубоктар мен медальдер табыс етілді. ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК флешмоб үшін бірінші орынды иеленіп, команда дипломмен марапатталды.»Көңілді старт» конкурсында үшінші орынға иеленіп, командаға жеңімпаз кубогы мен диплом табыс етілді.
|