Accuvix- А 30 УДЗ сканері – бұл экспертті класты, түрлі-түсті, қосарлана бағытталған энергетикалық, тінді, импульсті және тұрақты-толқынды допплері бар, нақты уақыт режиміндегі үш өлшемді УДЗ бар ультрадыбыстық сканер. Жоғары дәлдік қабілеті, екі өлшемді және үш өлшемді суретті қалыптастырудың жаңа технологиялары, интим-медиа кешенін автоматты түрде есептеу, жұмсақ тінді сапалы және санды бағалау.
Accuvix A30 сканерін пайдалану саласы – бұл акушерия және гинекология, абдоминалды зерттеулер және маммология, урология және кардиология, үстіңгі қабатта орналасқан органдар және қан тамырларын зерттеу, бұлшық етті-қаңқаны зерттеулер, сондай-ақ нефрология, онкология, педиатрия және неонатология. Бұл аппарат іштегі ұрықтың әртүрлі ақауларына диагностика жасауға, плацентаның жай-күйін, қағанақ суын, іштегі ұрықтың даму қарқынын, допплерлік зерттеу (іштегі ұрықтың әртүрлі қан тамырларындағы және жатыр артерияларындағы қанның ағуын), іштегі ұрықтың әртүрлі құрылымдарын 3D және 4D режимінде зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, аппарат екі типтегі құрылғылармен гинекологиялық зерттеулерді жоғары деңгейде жүргізуге мүмкіндік етеді.
УДЗ-ді жоғары санатты дәрігер акушер-гинеколог - Джумалиева Улдай Мухаметдиновна жүргізеді. Жұмыс өтілі 35 жыл.

|