
Сенің құқығың – деніңді сау ұстау
Сенің міндетің – жауапты болу
6 желтоқсан 2014 жыл
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және БҰДСЖ қағидаттарын енгізу мақсатында ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орайластырылған «Ашық есік» күнін өткізуді жоспарлап отыр.
Өткізілетін күні: 06.12.2014ж. сағат 8.00-ден 13.00-ге дейін, ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ның кеңесші-диагностикалық блогы.
Акцияның мақсаты: ҚР болашақ азаматының дүниеге келуіне ынтымақты жауапкершілікті қалыптастыру және тұрғындардың әлеуметтік қорғалатын тобына қамқорлық көрсету.
Азаматтарды қабылдау:
- әйелдерге және нәрестелерге қызмет көрсету мәселелері бойынша АмБДҚ бөлімінің басшысы С.Т.Еспанова;
- балаларға қызмет көрсету мәселелері бойынша АмБДҚ бөлімінің бас маманы – БҚО ДСБ педиатры Г.Н.Сакуова;
- емдеуге жатқызу және босандыру мәселелері бойынша ОПО директоры Н.Б.Дмитриенко.
Консультацияға қабылдау:
- босандыру бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер О.В.Силантьев;
- жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер В.П.Кораблева;
- КДБ меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер Г.Т.Джубанова.
Гинекологиялық науқастарды консультацияға қабылдау:
- жамбас түбі функциясының бұзылу проблемалары бойынша гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер А.Т.Даулетбаев;
- Жатыр мойыны проблемалары бойынша жоғары санатты дәрігер А.И.Ненашева;
- штаттан тыс бас генетик Е.М.Жолдыбаева;
- ОПО УДЗ диагностика дәрігерлері (ОПО мамандарының жолдамалары бойынша).
ОПО неонатологтарының нәрестелерді күтіп-баптау жөнінде аналарды қабылдауы:
- ОПО директорының неонатология жөніндегі орынбасары, жоғары санатты дәрігер О.Н.Гехман;
- нәрестелер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі А.М.Негметова;
- нәрестелер физиологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Т.Г.Зацаринина.
Психологтың консультациясы:
- психолог М.И.Абдулова.
Біздің орталыққа «Ашық есік» күніне келуге ниет білдірушілерді сағат 8.00-15.00 аралығында 26-63-97 телефоны бойынша 2014 жылғы 4 желтоқсанға дейін тіркелуді сұраймыз.
Пациенттерді қабылдау қатаң алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі.
Өздерімен бірге болуы қажет: жеке куәлік, ауыстырма аяқ-киім.
Акцияның өткізілуіне жауаптылар:
- директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Т.С.Джумашева
- ОПО бас медбикесі Г.М.Тажекенова.
|