Байланыс деректемелері

Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы,,
К. Ахмиров көшесі, 4.
Дәулеткерей және Мұхит көшелерінің қиылысы
Тел.: 8 (7112) 26 63 97
Факс: 26 63 46
E-mail: [email protected]

Статистика

243241
Келушілердің бүгінгі саны: Келушілердің бүгінгі саны: 143
Апта бойғы келушілер саны: Апта бойғы келушілер саны: 1380
Келушілердің барлығы: Келушілердің барлығы: 243241
Аналарды құтқару үшін қауіпсіз қан – 2014 жылғы Бүкіләлемдік донор күнінің ұраны

 

Өкінішке орай, кез-келген донор бола бермейді. Тек ықыласты, қайырымды және ержүрек адам ғана донор бола алады. 13 маусымда жыл сайын 14 маусымда аталып өтетін Бүкіләлемдік донор күні қарсаңында, ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-да «Аналарды құтқару үшін қауіпсіз қан» атты донорлық акция өткізілді. БҚО әкімдігі ДСБ ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ы қан тапсыру үшін көшпелі бригаданың келуі ұымдастырылды. Перинаталдық орталықтың 25 қызметкері осы акцияға қатысып, мұқтаж болып отырған жандар үшін қандарын тапсырды. Бұл мереке ең жас халықаралық мекерелердің бірі болып табылады, оның негізі 2005 жылы салынған. Бүкіләлемдік донор күні жаһандық тақырыбы жыл сайын жаңғыртылуда. Мәселен, 2014 жылы «Аналарды құтқару үшін қауіпсіз қан» тақырыбы таңдалынып алынды. Бұл тақырып босандыру кезінде ауқымды қан кету жағдайында ана өлім-жітімін болдырмас үшін қанның қауіпсіз өнімдерінің болу қажеттілігін ашып көрсетеді. Барлық донорларға жомарттығыңыз үшін, жауапкершілігіңіз мен қайырымдылығыз үшін үлкен «РАХМЕТ». Сіз осы қайырымды ісіңізбен әлемді жақсы жаққа өзгертуге үлес қостыңыз және сіз осы әрекетіңізбен алғыс айтуға лайықты жансыз. Сізге бақыт, мықты денсаулық және өмірдегі барлық жақсылықтарды тілейміз!