Байланыс деректемелері

Мекенжайымыз: 090000, Орал қаласы,,
К. Ахмиров көшесі, 4.
Дәулеткерей және Мұхит көшелерінің қиылысы
Тел.: 8 (7112) 26 63 97
Факс: 26 63 46
E-mail: [email protected]

Статистика

218518
Келушілердің бүгінгі саны: Келушілердің бүгінгі саны: 7
Апта бойғы келушілер саны: Апта бойғы келушілер саны: 1645
Келушілердің барлығы: Келушілердің барлығы: 218518
Облыстық перинаталдық орталықта Халықаралық акушер күніне арналған конференция өткізілді.

5 мамыр күні ең ежелгі кәсіптің бірі Халықаралық акушер күні аталып өтетіндігі бәріне мәлім. Осы мерекеге байланысты, 2012 жылдан бастап 3 жыл бойы Облыстық перинаталдық орталық базасында акушерлер мен медбикелердің қатысуымен конференция өткізіледі. Конференцияға акушерия мен гинекология саласы бойынша өздерінің кәсіби сапаларын арттырғысы келген қала мен ауылдың барлық медициналық қызметкерлері шақырылады. 2013 жылы физиологиялық жүктілікті сүйемелдеуді және рольдік ойындарда жүктілікті жоспарлау бойынша кеңес беру кезеңдерін және физиологиялық бақылауды көрсеткен Облыстық перинаталдық орталық қызметкерлерінің кәсібилігі мен шеберліктері биіктен көрінді. Тиімді перинаталдық күтім жасаудың барлық кезеңдері қамтылды. Осы дәстүрді жалғастыра отырып, биылғы жылы акушериядағы сыни жағдайлар жөнінде конференция ұйымдастырылды, онда диагностика мен емдеу хаттамаларын сақтаумен ұрық қабықшасының босануға дейінгі жыртылуы, босандыру индукциясы, іштегі ұрықтың жатырішілік дамуының тоқтап қалуы, акушерлік босандырудан кейінгі қансырау, нәрестелер мен ересектердің жүрек-өкпе реанимациясы тәрізді жағдайлар жан-жақты көрсетілді. Конференцияға қатысушылардың шығармашылық амалы мен кәсібилігі барлық кезеңдерде диагностика мен емдеу хаттамаларын орындаудың біздің пациенттер үшін емдеудің сәтті аяқталуына мүмкіндік беретіндігін дәлелді.