2014 жылғы 17-18 мамыр күндері П.Атоян атындағы стадионда медициналық қызметкерлердің қалалық спартакиадасы өткізілді, оған Облыстық перинаталдық орталықтан 16 адам қатысты. Медициналық қызметкерлердің спартакиадасы әр жыл сайын барлығына белгілі бола түсуде, қатарына бұрын спортқа деген тиісті мән бермеген медик-спортшыларды тартуда. Спартакиадаға қатыспай қалған бірде-бір медициналық ұйым болған емес. Командалық, сондай-ақ жеке құрам біріншілігі бойынша жеңімпаз атану мәртебелі бола түсуде. Спартакиада қызықты старт, жеңіл атлетика, шағын футбол, дартс, арқан тарту, волейбол тәрізді спорт түрлері бойынша өткізілді. Жарысқа барлығы 24 команда қатысып (қатысушылар саны – 1500 адам), оның қорытындысы бойынша қатысушыларға және жеңімпаздарға командалық, сондай-ақ жеке сынақтар бойынша грамоталар, кубоктар мен медалдер табыс етілді.

 
|