Біз сіздерді біздің ресми веб-сайтымызда көруге қуаныштымыз. Сіз мұнда өзіңізге қажетті ақпаратты таба алатындығыңызға кәміл сенеміз.
БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы озық медициналық нысандардың бірі болып табылады.
Орталықтың ресми ашылуы 2006 жылдың тамыз айында өтіп, сол кезде алғашқы пациенттерін қабылдады. Перинаталдық орталықтың алдына қойға мақсаты - Батыс Қазақстан облысында акушерия және гинекология, неонатология, әйелдердің ұрпақты болу денсаулығы саласындағы ғылыми және емдеу-диагностикалық медициналық мекеме болу.
Перинаталдық орталықтың медициналық персоналы дәлелдеу медицинасына негізделген озық медициналық технологиялар мен әдістерді барлық емдеу-диагностикалық бағыттарда пациенттердің мүдделерін ескере отырып жоғары деңгейде пайдаланады.
Оның қуаттылығы 200 койкаға есептелген, оның ішінде 153 – акушерлік-гинекологиялық корпуста және 32 – емдеу-диагностикалық корпуста. Медициналық қызмет көрсету пациенттердің жатуына ең жайлы жағдай тудырылған заманауи 8 бөлімшеде жүргізіледі.
Орталықта 500 адам жұмыс жасайды. Олардың ішінде дәрігерлік персонал - 52, аға медбикелік персонал - 201,кіші медбикелік персонал -120, 119 – әкімшілік және техникалық персонал (мәлімет 2011ж. маусым айындағы жағдай бойынша алынған).
Перинаталдық орталық шетелдік және отандық мамандар мен фармацевтикалық кампаниялардың қатысуымен мастер-кластар, конференциялар, семинарлар ұйымдастырады.
Біздің Перинаталдық орталықтың есігі Сізге және Сіздің туысқандарыңыз үшін әрқашан ашық!
|