Created: 17 Ақпан 2021
130

Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қазанда № 12204 болып тіркелді.

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Стационарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова

 

Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек
көрсету қағидаларына
15-қосымша

 

"Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде пациенттерге стационарға емдеуге жатқызуға жолдама беру"

 

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1) құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;
2) қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - үзінді көшірме берілген сәттен бастап 60 (алпыс) минут.
 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде жүгінген күні көрсетіледі. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға сұрау салу көрсетілетін қызметті берушінің жұмысы аяқталғанға дейін 2 сағат бұрын қабылданады (жұмыс күндері сағат 18.00-ге дейін)

4

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

 электрондық және (немесе) қағаз түрінде (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

 1) көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгінген кезде - нысан бойынша стационарлық науқастың медициналық картасынан қағаз түрінде үзінді.
 2) порталға жүгінген кезде электрондық форматта - жеке кабинетте электрондық өтінім мәртебесі түрінде хабарлама

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші - демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, үзіліссіз сағат 8.00- ден 17.00-ге дейін .
 Көрсетілетін қызметті алушыларды қабылдау кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу және жедел қызмет көрсету қарастырылмаған.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы ( (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) тікелей жүгінген кезде жеке басын сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;

9

 Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

-

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

 Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны бойынша ақпарат алу мүмкіндігі бар.