Created: 18 Қараша 2019
306

Облыстық перинаталдық орталық базасында Шала туылған балалар күніне арналған іс-шара өткізілді

2019 жылғы 15 қараша күні сағат 11: 00-де Облыстық перинаталдық орталық базасында Шала туылған балалар күніне арналған іс-шара өткізілді.

Халықаралық шала туылған балалар күні алғаш рет 2009 жылы  атап өтілді, бұл күні Венада университет клиникасының профессоры Арнольд Поллак пен Ангелика Бергер Әулие Михаил алаңында бір мезгілде аспанға 500 ақ шарларды ұшырды, шарлардың саны бір жыл бойы Венада дүниеге келген шала туылған балалар санына сәйкес келді. Халықаралық шала туылған балалар күні - мерзімінен бұрын босану туралы хабардарлықты арттыру және шала туылған балалар мен олардың отбасыларының проблемаларына назар аудару үшін жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлем бойынша атап өтіледі.

Осыған байланысты, салмағы 1 кг кем шала туылған балалары бар ата-аналар шақырылды. Салтанатты ашылудан кейін аниматорлар балаларға арналған ойын-сауық шоу бағдарламасын өткізді. Іс-шара соңында барлық қонақтарға естелік сыйлықтар берілді, сонымен қатар «28 петель» қайырымдылық клубы барлық шала туылған балаларға жүннен тоқылған бұйымдар жиынтығын сыйға тартты.