Created: 27 Маусым 2019
1084

ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАР


Сұрақ: Жүктілік бойынша Облыстық перинаталдық орталыққа тегін есепке тұруға бола ма?

Жауап: Облыстық перинаталдық орталықтың функциясы қауіп тобындағы жүкті әйелдерге консультативтік көмек көрсету болып табылады.


Сұрақ: Генетиктің консультациясы кімге арналған?

Жауап: Генетиктің консультациясы келесі жағдайларда беріледі:
  • жүкті әйелдің жасы 35 және одан жоғары жаста, зайыбының жасы 40 және одан жоғары жаста;
  • баланың дүниеге келу анамнезінде дамудың туа біткен ақауы болса;
  • хромосомдық ақауларды немесе гендік мутацияларды отбасылық таратушылық;
  • қолайсыз акушерлік анамнез (өлі туу, жүктілікті аяғына дейін көтере алмау);
  • ұрықталудың алдында және жүктілік кезінде дәрілік препаттарды қабылдауы, рентгенологиялық тексеру;
  • ерлі-зайыптыларда кәсіптік зияндылықтың болуы;
  • сарысу маркерлері құрамындағы ауытқу;
  • іштегі ұрық дамуындағы анатомиялық ақаулардың анықталуы.

Сұрақ: Жатыр миомасына тегін ота жасату мүмкін бе?

Жауап: Жатыр миомасына байланысты отаны және басқа да гинекологиялық оталарды тегін жасату үшін аумақтық емханада толық клиникалық тексеруден өту және Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы көрсетілген күнде жоспарлы емдеуге жатуға келу қажет.


Сұрақ: Лапаротомиялық пен лапароскопиялық оталардың арасында қандай айырмашылық бар?

Жауап:Лапаротомия – бұл теріні кесу арқылы ішкі органдарға қол жеткізудің ашық әдісі. 
Лапароскопия – бұл кеуде қуысына қол жеткізудің жабық әдісі, жарақаты аз. ішкі органдарға қол жеткізу әдісін таңдау көптеген факторларға тәуелді болып келеді және пациенттің ерекшеліктерін ескере отырып, шешім жеке  дара тәртіпте қабылданады.


Сұрақ: отадан кейін тігістер неге өңделмейді? Перзентханадан шыққаннан кейін тігістерді қалай өңдеуге болады?

Жауап: перзентханадан шыққанннан кейін тігістерді өзіңіз өңдеуге тиіссіз, егер теріңіздің жазылуы өте қиын жүрсе, онда біткен жараның орнын (тігісті) мұқият қадағалау қажет:

  • Дәретханаға әрбір барғаннан кейін қолды жуу керек, бұл тігістерге инфекцияның түсуін болдырмайды;
  • ауыр зат көтеруге тыйым салынады;
  • душтан кейін бір рет пайдаланылатын қағаз сүлгімен әбден кепкенше сүрту керек (түкті орамалдарда микробтар жиналғыш келеді);
  • кесарь тілігінен кейін жараның толық жазылуы үшін мақта материалынан тігілген кең іш киім киген жөн.

Сұрақ: Серіктік босануға кімді алған жөн?

Жауап: Серіктес ретінде алдын ала дайындықтан өткен және инфекция белгілері (вирустық инфекция, ішек аурулары т.б.) жоқ жақын адамның болғаны жөн. Серіктес Кесарь тілігі отасын жүргізу кезінде де қатыса алады, өйткені баланы серіктестің кеудесіне салады (баланың әкесінің болғаны жақсы). Серіктес босану кезінде психологиялық қолдау көрсетеді, ауырсыздандыру үшін арнайы әдіс бойынша массаж жасайды және босану кезінде әйелге дұрыс тыныс алуға көмектеседі.  


Сұрақ: жаңа туылған нәресте анасының немесе әкесінің кеудесіне не үшін салынады?

Жауап: жаңа туылған нәресте дүниеге келгеннен кейін анасының немесе әкесінің кеудесіне үй флорасымен ұласу, жылу тізбегін сақтау, баланың аурухана флорасымен ұласуының алдын алу үшін салынады.


Сұрақ: Өзімен бірге перзентханаға жеке заттар мен жеке гигиена құралдарын не үшін алып жүру керек?

Жауап: перзентханада төсек-орын ақжаймаларын қоса алғанда үй киімдерін пайдалану жаңа туылған нәрестеде қалыпты флораның қалыптасуына, иммунитеттің түзілуіне ықпал етеді, яғни бала анасының флорасымен ұласып, оған ауруханалық инфекция ешқандай қауіп төндірмейді.  Жеке гигиена құралдарының болуы (мысалы, жеке сабыны) әртүрлі іріңді-септикалық асқынулардың алдын алу үшін қажет.


  • Сұрақ: Нәрестемен серуендеуге шығуға бола ма және қандай уақытта?

    Жауап: Болады және шығу керек, алғашқы серуен жарты сағаттан аспауы тиіс (жылдың жылы мезгілінде) және біртіндеп таза ауада серуендеу уақытын ұлғайту керек. Салқын ауа-райында (суықта) балконға шығумен шектелген жөн, уақытын 5 минуттан бастау керек. Жаңбырлы ауа райы кезінде серуендеуге шықпаған жөн.


    Сұрақ: Баланы қаншалықты жиі шомылдыру керек?

    Жауап: Алты айға дейін күн сайын, ұйықтардың алдында шомылдырған жөн. Аптасына екі рет сабынмен 5-7 минуттан асырмай шомылдыру керек. Қалған уақытта 37 градусқа дейін салқындатылған қайнатылған суға шомылдыру қажет. Баланың денесі қызып кетпес үшін немесе салқындап кетпес үшін судың температурасын міндетті түрде өлшеу керек.


    Сұрақ: Омыраумен қоректендірудің қандай артықшылықтары бар?

    Жауап: Омыраумен қоректендіру дені сау болып өсуі және дамуы үшін ерте жастағы балаларды нәрлі заттармен қамтамасыз етудің ең тамаша тәсілі болып табылады. Алғашқы алты ай ішінде тек қана омыраумен қоректендіру ұсынылады, содан кейін екі және одан жоғары жасқа дейін қосымша тағамдармен бірге омыраумен қоректендіруді жалғастырған жөн. Омырау сүті баланың психологиялық оң дамуына ықпал етеді және нәрестені инфекциялық және созылмалы аурулардан қорғайды. Омырау сүтінің энергетикалық құндылығы (калориялығы) нәрестенің энергияға деген қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Омырау сүтінде иммундық факторлардың бірегей құрамы бар. Соның арқасында әйел сүті қуатты инфекцияға қарсы қасиетке ие болады. Омыраумен қоректендіру ерте жастағы балаларда стоматологиялық проблемалардың жиілігін төмендетеді, тісжегінің (кариес) жиілігін азайтады.