• Кореядан келген профессордың консультациясы

    2017 жылғы 20 қазанда Облыстық перинаталдық орталық базасында Корея Республикасының «Чеиль» ауруханасының гинеколог-репродуктологы, профессор Пак Чан У репродуктивтік денсаулығының проблемалары бар әйелдерді және ерлі-зайыптыларды консультативтік қабылдауды жүргізді. 20 пациент қаралып, оларға консультация және одан әрі емделу мен тексерілу үшін ұсыныстар берілді.

    Толығырақ  
  • «ҚАЗАҚСТАН - ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІ» ҚОСЫМШАСЫ АРҚЫЛЫ ОТАНЫҢДЫ ӘЛЕМГЕ ЖАҚЫНДАТА БІЛ!

    ҚҰРМЕТТІ ДОСТАР!

    Назарларыңызға «Қазақстан-Ұлы Дала Елі» қосымшасын ұсынамыз. Қосымша география, тарих, мәдениет, экономика, туризм және халықаралық қатынастар сияқты кең ауқымды тақырыптарды қамтитын Қазақстанның шынайы ықшам энциклопедиясы болып табылады. Жүздеген бірегей фотосуреттер, бейнеклиптер, 3D нысандар, панорамалар, инфографиктер мен интерактивті карталар және басқа да пайдалы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылған.
    Қосымша Қазақстанға туристік немесе іскерлік мақсатпен келуді жоспарлайтын шет ел азаматтары үшін, сондай-ақ туристер, студенттер, зерттеушілер, журналистер мен бизнесмендер үшін таптырмайтын құрал болады.

    Толығырақ

Біздің міндетіміз: пациенттердің сұраныстарын қанағаттандырумен қызметкерлердің кәсібилігінің, жоғары технологиялардың және замануи жабдықтардың үйлесімділігі негізінде жоғары сапалы медициналық қызметтер ұсыну арқылы ана мен бала денсаулығын қорғау.

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы, Орал қаласы.

Перзентхана 1985 жылғы 1 шілдеде ашылды. Перинаталдық орталық 2006 жылғы 18 тамызда ашылды.

Жұмысының негізгі мақсаты өңір тұрғындарына мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады. 
Орталықта 470 адам жұмыс жасайды. Олардың ішінде дәрігерлік персонал - 66, аға медбикелік персонал - 208, кіші медбикелік персонал - 115,  әкімшілік және техникалық персонал - 81 (мәліметтер 2015 жылдың маусым айына алынған).

 

Толығырақ