Created: 27 Маусым 2019
247

ҚЫЗМЕТ САЛАСЫ

 

Қызмет саласы туралы ақпарат

 

Қызмет саласы туралы ақпарат

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Облыстық перинаталдық орталығы» МКҚК базасында құрылып, 2011 жылғы 13 мамырда Денсаулық сақтау басқармасының 2011 жылғы 25 мамырдағы №126-к бұйрығымен қайта ұйымдастырудан өтті.

Кәсіпорынға қатынаста коммуналдық меншік құқығы субъектісінің функциясын кәсіпорынның құрылтайшысы болып табылатын Батыс Қазақстан облысының әкімдігі жүзеге асырады. 
Кәсіпорынның тиісті саладағы уәкілетті органы «Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-і болып табылады.

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-ы құрылымына кіреді:

Стационар – 165 койкаға, 7 бөлімше: гинекология бөлімшесі; анестезиология және реанимация бөлімщесі; НРҚЕБ; босандыру бөлімшесі; босанудан кейінгі бөлімше; нәрестелер патологиясы бөлімшесі; жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі.

Параклиникалық бөлімшелерге келесі бөлімшелер кіреді:

клиникалық-биохимиялық зертхана;
медициналық-генетикалық консультациясы бар цитогенетикалық зертхана;  
туа біткен ақаулар мен хромосомдық ауруларды анықтау бойынша пренаталдық  диагностика мен УДЗ скрининг зертханасы;
нәрестелерде тұқым қуалаушылық ауруларды анықтау бойынша неонаталдық скрининг зертханасы;
ПТР және иммуноферменттік талдау зертханасы;
УДЗ  кабинеттері  (нейросонография, доплерометрия, кардиотокография);
орталықтандырылған-зарарсыздандырылған бөлімше;
операциялық блок;
физиотерапевтік кабинет;
рентгенологиялық кабинет.
Облыстық перинаталдық орталықтың негізгі қызметінің түрі мыналар болып табылады:  стационарлық медициналық көмек және стационар алмастырғыш медициналық көмек нысаны бойынша мамандандырылған медициналық көмек, жоғары мамандандырылған медициналық көмек, сондай-ақ облыс пен қала халқына акушерия, гинекология және неонатология бойынша емдеу-диагностикалық көмек көрсету. Кәсіпорын ақылы қызметтер де көрсетеді  - жүкті әйелдерге және ұрпақты болу жүйесінің аурулары бар гинекологиялық науқастарға консультативтік көмек, зертханалық зерттеулер, УДЗ диагностика.