Created: 05 Шiлде 2019
474

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ САЯСАТ



ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» сенім телефоны

26-64-42

 БҚО Денсаулық сақтау басқарманың сенім телефоны

50-45-04

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаментінің сенім телефоны
Кезекші бөлім

1424
98-47-20

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын iске асыру және көлеңкелi экономикаға қарсы iс-қимыл жөнiндегi 2015 – 2017 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарына мониторинг жасау жөніндегі жедел есеп

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ

Әкімшілік рәсімдер туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы МАЗМҰНЫ

p>

Бекітемін

                                                   ШЖҚ «Облыстық

                                                                                          перинаталдық орталық» МКК директоры

                                               _______________Дмитриенко Н.Б.

 

 

 

БҚОӘ ДСБ ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ның

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты

 

 

1.Жалпы ережелері

 

  1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 10 бабына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бекітілген қоғамдық қатынастардың жекелеген саласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды әзірлеу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес әзірленді.
  2. Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – ОПО) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеуші болып табылады.
  3.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жүйелі ұсынымдарды белгілеуге бағытталған.
  4. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеудің міндеттері болып табылады:

1) ОПО жұмыс істейтін тұлғаларда тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты қалыптастыру;

         2) Сыбайлас жемқорлық көріністерін уақытында айқындау және олардың жағымсыз салдарын болдырмау.

  1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының қағидаттары:
  • заңдылық;
  • ашықтық;
  • әдептілік;
  • жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау;
  • мүдделер қақтығысын болдырмау.

 

  1. Қоғамдық қарым-қатынастар саласында жұмыс істейтін тұлғалардың мінез-құлығы (іс-қимылы) ережелері:

2.1. жеке тұлғалармен, заңды тұлғалар өкілдерімен және әріптестермен қарым-қатынас жасауда адал, әділ, қарапайым болу, көпшілік мақұлдаған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, сыпайылық және әдептілік таныту;

- қабылданған шешімнің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз ету;

 

  1. Өз құзыреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезінде:

- қызмет атқару барысында пайда болған мүдделер қақтығысы, сыбайлас жемқорлық мінез-құлыққа, сый ақы алуға итермелеу жағдайлары туралы тікелей басшыға баяндауға;

- лауазымдық міндеттерді атқару барысында жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау;

- қалыптасқан қарым-қатынастарды бұзып, әріптестер мен басшыларға әділетсіз шешім қабылдауына жол беруі мүмкін заңсыз өтініш айтудан аулақ болу;

- басқа адамдарды сыбайлас жемқорлық бұзушылық жасауға итермелемеу және ынталандырмау;

- әріптестерге, басшыларға немесе басқа да лауазымды адамдарға сыйлықтар бермеу, қызмет бабын пайдаланып мүліктік пайда табу игіліктер мен артықшылықтарды иелену мақсатында қызметтен тыс қызмет көрсетуге жол бермеу;

- қызмет атқарумен байланысты сыйлықтар қабылдамау;

- мүліктік немесе мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтар алу мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтік және басқа да ақпараттарды пайдаланбау;

 

  1. Жүктелген лауазымдық функцияларды орындау кезінде ОПО лауазымдық тұлғаларына:

- азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштері бойынша уақытылы шаралар қабылдау;

- жеке және зағды тұлғалардың өтініштері мен арыз-шағымдарын қарау кезінде әуре-сараңға салушылық фактілеріне жол бермеу ұсынылады.

 

  1. Емхана қызметкерлерін/жұмыскерлерін іріктеу мен орналастыру бойынша кадр жұмысын ұйымдастыру кезінде ОПО басшыларына және лауазымдық тұлғаларына:

- үміткерлерден емханада қызмет ету/жұмыс істеу үшін еңбек шартын жасасуға қатысы жоқ құжаттарды талап етпеу ұсынылады.

 

  1. Қызмет саласының ерекшелігіне байланысты туындайтын өзге де қоғамдық маңызды қарым-қатынастар кезінде:
  • олардың қызмет нәтижелерін бағалау кезінде әділдік пен объективтілікті таныту, сондай-ақ ынталандыру және жазалау шараларын қолдану;
  • қарамағындыларды сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар жасауға мәжбүрлемеу;
  • өз лауазымдық мiндеттерiн орындау барысында әрiптестерде орын алған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша түбегейлi шараларды уақытында қабылдау ұсынылады.

 

  1. Тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алумен байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде ОПО лауазымды тұлғаларына:

- мемлекеттік сатып алуға көзделген қаражаттарды үнемді және оңтайлы жарату;

- заңда көрсетілген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуға қатысуға бірдей мүмкіншіктер жасауға;

- әлеуетті өнім берушілер арасында шынайы бәсекелестікті қалыптастыру;

- мемлекеттік сатып алуды жүргізудің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

- сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу;

- атқару құжаттары бойынша орындалмаған міндеттері бар және Борышкерлердің біріңғай тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілерді немесе олармен тартылған қосалқы мердігерлерді (қосалқы орындаушыларды) мемлекеттік сатып алуға қатысуға жол бермеу ұсынылады.