Мамыр айында, 25 апта ішінде сол жатырдан табиғи туылу жүріп, салмағы 850,0 грамм қыз дүниеге келді. Тамыз айында, 2 ай 16 күн өткен соң, кесарь тілігі арқылы оң жатырдан салмағы 2900,0 грам ер бала дүниеге әкелінді. Облыстық перинаталдық орталықтың акушер-гинекологтары мен неонатологтардың командалық құрамының көмегімен ананы босандыру, дүниеге келген сәбилерге күтім жасау емшаралары сәтті өтіп, анасы мен балалары үйлеріне шығарылды.
Мұндай ерекше жағдай Ресей астанасы Мәскеуден 1-арнаның 9студиясы «Е.В.Малышевамен бірге "Жить здорово" бағдарламасын» қызықтырды. 21 қыркүйекте балалар отбасымен бірге, неонатолог дәрігері Нұргүл Нариманқызы Жүнісова және акушер гинеколог Есет Ғабитұлы Ералин Мәскеу қаласынва 1-арнаға шақырумен барып, түсірілім өтті.
Мәскеу мамандары М.Е.Коновалов атындағы офтальмологиялық клиникадағы балаларды тексеріп, қазақстандық әріптестерінің жұмысын бағалады. Сондай-ақ, медициналық жарияланым үшін орыс және шет тілдерінде ғылыми мақала жазуға кеңес берді.