Перинаталдық орталықтың босандыру бөлімшесі 12 койкаға есептелген. Мұнда зор тәжірибесі бар дәрігерлер мен акушерлер өміріңіздің ең жауапты сәтінде Сізге көмекке келеді.
Бөлімшенің негізгі функциялары:
- босандыруды жүргізу;
- жүктілік, босандыру және ерте босандырудан кейінгі кезеңде әйелдерге жоғары білікті акушерлік көмек көрсету;
- әйелдерді санитарлық-гигиеналық дағдыларға, омыраумен тамақтандыру және жаңа туылған нәрестелерге күтім жасау дағдыларына үйрету.
Босандыру ДДСҰ (дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы) тиімді перинаталдық технологиясына сәйкес «Қауіпсіз ана болу» бойынша жүргізіледі. Босандырудың барлық кезеңі бойына бөлімше қызметкерлері босанушы әйел мен оның серіктесіне толыққанды эмоционалдық, психологиялық және физикалық көмек көрсетеді.
Бөлімше қызметкерлерінің штаты елімізде және шетелде оқудан өткен жоғары білікті мамандардан тұрады, олар: 4 дәрігер акушер-гинеколог және 17 акушер.
Босандыру блогы 12 жеке босандыру палатасынан құрылған.
Жеке босандыру палаталары көп функционалды кереуеттерден, доптармен жарақталған. Палатадағы ахуал барынша үй жағдайына жақындатылған, онда әйел босанудың барлық кезеңінде серіктесімен бірге болады.
Бөлімше заманауи аппаратуралармен жабдықталған:
- кардиотокографпен, кереует жанындағы монитормен, дозиметрмен, электронды таразымен, қыздырылатын неонаталдық үстелмен.
Босанатын әйелге босандыру кезінде және босануға денесінің орналасуын (отырып, тұрып, бір бүйірінде жатып, шалқасынан жатып) таңдауға мүмкіндік беріледі.
Дені сау, жаңа туылған нәрестені «жылылық тізбегін», «терінің теріге» жанасуын сақтау үшін дүниеге келген сәттен бастап анасымен бірге жатқызады.




Әрбір жеке палатада құпиялылық пен бейресмилікті сақтау көзделген.
Біздің ұранымыз: «ТАЗА ҚОЛ-ТАЗА БОСАНУ»


Біздің бөлімшеде әйелге психологиялық көмек көрсетуі, ауырсынуды басу үшін арнайы әдіс бойынша массаж жасауға, босану кезінде дұрыс тыныс алуға көмектесуі тиіс серіктестің болуы құпталады. Баланың дүниеге келуі әйелдің және онымен бірге осы тәжірибені бөліскен адамдар өміріндегі бірегейлі, терең қанағаттануды әкелетін оқиға болып табылады.
Серіктестің жүкті әйел ағзасы қалай жұмыс жасайтыны және босану кезінде ненің жүретінін білгені маңызды. Серіктес босанатын әйелге қолдау көрсету және оның тренері болуы үшін қажет.
Серіктестің ролі: денесін сипау арқылы әйелдің босаңсуына көмектесіңіз, оның бетіндегі бұлшық еттің ширатпауын, тыныс алу жаттығуларын (дем шығаруға шоғырлануын) орындауын бақылаңыз. Серіктесіңіздің жаттығуларды ерте бастап қоймауын қадағалаңыз, әйтпесе тұрақты толғақ басталғанша шаршап қалуы мүмкін, онымен бірге бөлменің ішінде арлы-берлі жүріңіз, оған қозғалыс ырғағымен бірге тыныстауға кеңес беріңіз.
Оның қадамдары ырғақты санаңыз, қажет болғанда онымен бірге дүрсілдеп жүріңіз.
Оның назарын іс-қимылдарда болуын қолдаңыз және толғақтың 60 секундтық кезеңінде еш нәрсе туралы айтпаңыз, оған толғақтар арасында тыныстауға немесе стратегияны ауыстыруға көмектесіңіз, егер ол шаршап қалса, оған барлық әдіс-тәсілдермен қолдау көрсетіңіз.
Серіктеске қойылатын талаптар:
Міндетті түрде: босанатын әйелді және босанудың барлық ахуалын қабылдай алуы, өзіне, босанудың сәтті аяқталатынына деген сенімділігі; эмоционалдық қолдау көрсете білуі;
Өзінің ролін жете білуі ("Аналар мектебінде" оқыту кезінде арнайы дайындықпен қол жеткізіледі); басқа адамдардың көмегін қабылдауға әзір болуы; босандыру процесін білуі; өзінің тамақтануын ойлауы.
Міндетті түрде емес: барлық қатысушыларды ауыстыруға және босандыру кезінде барлық функцияларды орындауға.
Болмайды:босанатын әйелдің жағдайына және мамандардың диагнозынсыз босандырудың динамикасына қарамастан іс-қимыл жасауға; аурухананың барлық бөлімшелеріне баруға; кіммен болса да жанжалдасуға, үрейге салынуға; бейімделу кезеңінде баланың дүниеге келуі туралы ақпаратты жариялауға (босанғаннан кейін 2 сағат).
Массаж жасау техникасы
массажды белдің айналасына жасаған жөн:
қолмен ақырындап жан-жаққа сипалау;
үлкен немесе кішігірім шеңберлете сипау;
үлкен саусақтармен басу;
жұдырықпен басу.



Ауруханаға келіп түскен кезде босанатын әйелде өзіме бірге болуы тиіс:
Құжаттары (айырбастау картасы, жеке басын куәландыратын құжат);
Киімі (халаты, түнде киетін көйлегі, шәркейі);
Жеке гигиена құралдары.
Нәрестеге:
Нәресте үшін мыналар болуы тиіс:
нәрестеге арналған бір жолғы пайдаланылатын жөргектер — 10-20 дана;
кішкене бас киімше (2 дана);
жейде (3дана);
ползунки (2 дана);
шұлықша (2 дана)
Ауруханаға түсердің алдында: қол мен аяқтардың тырнағын қию, маникюрды, косметиканы және әшекейлерді алып тастау қажет.
Шығар кезде:
Нәрестеге шығуға арналған киім:
2 жөргек;
2 жаялық (жылы және жұқа), жаялықты жұқа және жылы ползункимен ауыстыруға болады;
телпек және кішкене бас киімше;
2 жейде (жылы және жұқа); сейсепті көрпе немесе конверт.