Дмитриенко Николай Борисович

            Николай Борисович  1949 жылы 5-і қарашада Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласында дүниеге келді.
1976 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының «Емдеу ісі» мамандығын бітіріп, Орал қаласына жолдама алды. Облыстық клиникалық аурухананың базасында акушерлік және гинекология бойынша интернатура өтіп, еңбек жолын №2 перзентханада акушер-гинеколог мамандығынан бастады.
1977 жылы Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында анестезиология және реаниматология бойынша мамандандырылудан өтіп, №2 перзентханада анестезиолог-реаниматолог дәрігер болып жұмысын жалғастырды.
1979 жылы №2 перзентхананың бас дәрігері болып тағайындалды.
1980 жылы №2 перзентхана облыстық озық тәжірибелі мектеп атанды, базасында акушерлік-гинекологияның өзекті мәселелері жөнінде екі республикалық семинар-кеңесі өтті.
1984 жылы №3 перзентхананың бас дәрігері ретінде тағайындала отырып, құрылысына жолданды.
1994-2001 жж. денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.
2001 жылы Батыс Қазақстан облысы деңсаулық сақтау басқармасының аттестациялау комиссиясы шешімімен «Деңсаулық сақтау ісін ұйымдастырушы» мамандығы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.
2001-2005 жж. Облыстық психикалық деңсаулық орталығының бас дәрігері.
2005 жылдың қазан айынан бастап «№3 облыстық перзентхана» ММ-нің бас дәрігері.
«№3 перзентхана»ММ-сі 2006 жылғы 11 қыркүйек айынан бастап «Батыс Қазақстан облысы деңсаулық сақтау департаментінің перинаталдық орталығы» ММ-сі болып қайта тіркелді.
Деңсаулық сақтау ісінің үздігі, білікті ұйымдастырушы, әріптестерінің арасында беделі мол, ісіне жауапты, еңбек сүйгіш. Акушерлік және гинекология, анестезиология және реаниматология салаларының озық білімді.
«Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігіне» белгісімен ҚР денсаулық сақтау Министрлігі мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Бірнеше басылымдардың авторы.