Миссия: Әрбір балаға, анаға және отбасыға кәсіби көмек, ықыласты күтім мен шынайы қамқорлық

Құндылықтар: жұмыстағы жоғары кәсібилік және пациенттерге сергек қарау, көшбасшылық пен тәлімгерлікті қолдау, кәсіби өсу мен қызметкерлердің өзін-өзі танытуы, жұмыс ахуалының уәждемесі.

БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы, Орал қаласы.
Перзентхана 1985 жылғы 1 шілдеде ашылды. Перинаталдық орталық 2006 жылғы 18 тамызда ашылды.

Күніне 150 келушіге арналған және үшінші деңгейдегі ұйым болып анықталған.

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Перинаталдық орталықтың қуаттылығы 165 койкаға есептеледі. Олардың ішінде: гинекология бөлімшесі - 20 койка, босандыру бөлімшесі - 60 койка, жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі - 38 койка, нәрестелер патологиясы бөлімшесі - 47, сондай-ақ оған балалар мен ересектер реанимациясының - 12 койкасы және күндізгі стационардың - 15 койкасы кіреді.

Жұмысының негізгі мақсаты өңір тұрғындарына мамандандырылған акушерлік, гинекологиялық және неонатологиялық көмек көрсету болып табылады. 

Орталықта 425 адам жұмыс жасайды. Олардың ішінде дәрігерлік персонал - 56, орта медбикелік персонал - 192, кіші медициналық персонал - 104,  әкімшілік және техникалық персонал – 73 (мәліметтер 2018 жылдың ақпан айына алынған).



БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ы – жүкті әйелдерге, жаңа босанған әйелдерге, босанатын әйелдерге, сондай-ақ репродуктивтік функциясы бұзылған әйелдерге жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.

 

 

Перинаталдық орталықтың құрылымы:
1. Кеңесші-диагностикалық блок:

  • жүкті әйелдерге арналған кеңес беру кабинеттері
  • бала көтере алмау жөніндегі кабинет
  • репродуктивтік функциясы бұзылған ерлі-зайыптыларға арналған кеңес беру кабинеттері
  • отбасыны жоспарлау кабинеті
  • дәрігер акушер-гинеколог, дәрігер-терапевт және басқа да мамандар кабинеттері
  • медициналық-генетикалық кеңес беру кабинеті
  • психолог кабинеті
  • ем-шара кабинеті
  • кіші ота жасау бөлмелері
  • физиотерапевтік кабинет
  • күндізгі стационар
  • УДЗ кабинеті (ультрадыбыстық диагностика)

2. Акушерлік - гинекологиялық блок.

  • 10-нан астам жеке босандыру залдары,
  • акушерлік, педиатриялық, гинекологиялық стационарлар

Облыстық перинаталдық орталықта ең күрделі босандыруларды сәтті өткізу
үшін қажеттінің барлығы бар

Барлық батыс өңірде бірінші болып табылатын кешенде болашақ анаға бақылау жасаудан бастап сауықтырылған нәрестені ауруханадан шығарумен аяқталатын медициналық қызметтердің толық циклі көрсетіледі. Бұрын асқынулармен дүниеге келген нәрестелерді балалар ауруханасына жеткізу қажет болды. Ал бүгінгі таңда біздің орталық босандыруға жәрдемдесу мен нәрестелерге күтім жасауға қажетті заманауи жабдықтардың барлығы жарақталған.


Ауруханада науқастардың жатып емделуіне жайлы, тіпті өте жақсы жағдай жасалған

Орталық дәрігерлері Қазақстанның басқа қалаларында, Ресейде және Прибалтика елдерінде, Израильде және Литвада мамандандырылудан өтеді. Бірінші балаларын босанған әйелдер екінші, үшінші балаларын босануға да осында келеді.
Мұнда медициналық көмекті Сіз бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымы мамандарынан жолдама алып ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілді көлемі)  бағдарламасы немесе орталықпен шарт жасасып ақылы негізде бойынша ала аласыз.


Мына мекенжай бойынша хабараласыңыз:
БҚО, Орал қаласы,  К. Ахмиров  көшесі, 4
( Мұхит және  Даулеткерей көшелерінің қиылысы).
Байланыс  тел. 26-63-97
Ақылы қызметтер жөніндегі әкімгердің телефоны 26-63-83