Денсаулық сақтау саалсындағы цифрландыру Президенттің «Қазақстанның үшінші жаңғыртылуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын жүзеге асыру аясында «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы бойынша жекелеген бастама ретінде іске асырылуда, бұл ретте «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасымен толық сәйкестендіру қамтамасыз етіледі.
Осының негізінде, Батыс Қазақстан облысы медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу бойынша пилоттық жобаны енгізу аймағы ретінде айқындалды.
Облыстық перинаталдық орталықта медициналық ақпараттық жүйелерде (МАЖ) жұмыс белсенді жүргізілуде. 2018 жылдан бастап кезең-кезеңмен медициналық құжаттарды қағазсыз жүргізуге көшірілді.
Бүгінгі таңда пациент келіп түскен кезде қабылдау бөлімшесінде электрондық медициналық карта ашылады (босану тарихы, стационарлық науқастың медициналық картасы), оған пациент туралы барлық қажетті деректер, сондай-ақ тексеру әдістері мен емдеу жоспары енгізіледі. МАЖ-да өзіне стационарлық, амбулаторлық және зертханалық қызмет кіретін облыстың медициналық ұйымдары арасында өзара байланыс жүреді, бұл өз алдына медициналық қызметкерлердің жұмысын жеңілдетеді, уақытты үнемдейді, пациент туралы ақпаратты уақытылы алуға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау саласын цифрландыру медициналық қызметкерлердің еңбек өнімділігін ұлғайтуды және халықтың медициналық қызметтерге қанағаттану деңгейін арттыруды көздейді.
"Цифрлық Қазақстан"
Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды орындауда және "Цифрлық Қазақстан" Мемлекеттік бағдарламасын іске асыруда медициналық көмектің қолжетімділігі мен эффективтілігін жоғарылату үшін ақпараттық жүйелер, электрондық денсаулық паспорты, мобильдік қосымша және "қағазсыз" ауруханаға көшу арқылы денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық құжаттар мен медициналық мәліметтерді қағазсыз енгізуге көшу этапты түрде жүргізілуде. Осыған байланысты Сізді цифрлық сауаттылықты арттыру курсына шақырамыз! Курс 2018 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мектептер мен кітапханалар базасында өтеді.