Жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісі Медициналық қызметкер күні атап өтіледі.
Дәрігер мамандығы әлемдегі ең көне мамандықтардың бірі және қазіргі уақытта да барлық жерде сұранысқа ие. Тіпті адам өмірі басталған кезде де – нәресте дүниеге келген сәттен бастап дәрігерлер адам өміріне тікелей араласады. Қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесі мен дәрігерлердің күш-қайраты тек аурулардан емдеуге және адам денсаулығын қорғауға ғана емес, сондай-ақ оның дамуына бағытталған.
2016 жылғы 17 маусымда Перинаталдық орталықтың мәжіліс залында Медициналық қызметкер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шарада перинаталдық орталық әкімшілігі атынан құттықтау айтылып, ерекше көзге түскен қызметкерлерге грамоталар табыс етілді.
Облыстық перинаталдық орталық ұжымы барлық медициналық қызметкерлерді және осы сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтайды және бақыт, еңбекте табыс, отбасыларына береке тілейді.