Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылықтар ең алдымен мемлекеттік қызмет саласындағы заң бұзушылықтармен байланыстырылады және ол кездейсоқтықтан айтылған жай емес.


Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында сыбайлас жемқорлықтың келесі анықтамасын береді – бұл «…мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады» 

Бұл ретте, осы заңның әрекеті қоғамдық қатынастың жеке саласына неге тарамайды деген заңды сұрақ туындайды?

Ежелгі грек философы Платон дүниеқорлық пен пайдакүнемдікті әлеуметтік кеселдің бірі ретінде атаған болатын. "Дүниеқорлық ел басшыларына, сондай-ақ әскерлерге де мүлде болмайтын маңызды әлеуметтік кеселдің бірі». Төркінінде дүниеқорлық жатқан жемқорлық дерті қоғамда бүгін пайда болған құбылыс емес. Бұл сонау көне заманнан келе жатқан кесел. Ұлы ойшыл сыбайлас жемқорлықтың себебі - дүниеқорлықты меңзейді. Дүниеқорлық қоғамның өмірге қажетті нәрсені алуға деген тырысушылығы. Егер экономика адамзат өркениетінің базисі болса, ал дүниеқорлық  - әрбір адамның ынталануының өзіндік базисі болып табылады. 

Сондықтан, әлемде сыбайлас жемқорлық жоқ елді табудың қиындығын осымен түсіндіруге болатын шығар. Әрине, экономикасы дамыған кішігірім елдерде осы кеселді жеңуде бірқатар табысқа жеткен (халқының басым көпшілігінің экономикалық қамсыздандырылуы).

Сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамасын ойланбастан қоғамның жеке саласына тарата салу кәсіпкерлерге деген әкімшілік қысымның күшеюіне, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлықтың азаюына емес, керісінше өсуіне әкеп соқтырар еді. 

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы қоғамның моралімен байланысты деген пікір де бар.

Мораль – бұл ұжымдық сананың формасы. Онда қоғам мүшелерінің көзқарастары, түсініктері, құндылықтары мен мінез-құлықтарының нормалары бейнеленеді. Оның сыбайлас жемқорлықтың таралуына әсері  сөзсіз.

Әлеуметтік нормаға айналған қоғамдағы сыбайлас жемқорлықпен қалай күресуге болады? 

Жемқорлық қылмыстар үшін қатаң жазалау қажет деп ұрандатып жүрген адамдардың қоғамда сыбайлас жемқорлықтың орын алу себептерін өздерінен іздегісі келмейтін немесе өздерінен көргісі келмейтіндіктері тағы бар. Қазіргі уақытта қоғамымызда төмендегі әрекеттер үшін «ризалау керек» деген сыбайлас жемқорлықтың көрінісі дәстүр болып қалыптасып сіңген:

• медициналық мекемеде өзіне немесе өзінің туысқанына жақсы күтім жасағаны және үлкен назар аударғаны үшін,
• көлік жүргізуге сынақ тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алғаны үшін,
• кәсіби білімі мен шеберлігінің қанағатсыздығы немесе мүлдем болмауы кезінде оң аттестациялық баға қойғаны үшін,
• мұғалімнің балаға қамқоршылықпен қарағаны және аса назар аударып жүргені үшін,
• ең беделді мемлекеттік жоғары оқу орнына түскені үшін,
• қылмысы үшін жазадан босатқаны немесе жазаны жұмсартқаны үшін,
• кез-келген құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершіліктен босатқаны үшін,
• кез-келген игілікті кезектен тыс алғаны үшін,
• жұмыста басшының тарапынан өзін қолдау білдіргені үшін.
Жай сөзбен айтқанда, жемқордың қызметі – бұл тауар, ал оның ұсынысының өсуі тікелей сұранысқа тәуелді.

Сонымен қатар, қазақстандық қоғам өзінің мәдениеті мен қонақжайлылық дәстүріне байланысты сыбайлас жемқорлыққа жақын тұрады деген пікір дұрыс емес. 

Бұл ретте, Нигерияның бұрынғы президенті генерал Обасанджоның шенеуніктерге жомарттанып сыйлықтар берудің ұлттық-мәдени дәстүр деп түсіндіруге тырысқандарды сынап айтқан сөздерін келтіруге болады: «Мен біздің мәдениетіміздің дәстүрлі көрінісін әлдебіреулердің қылмыстық іс-әрекеттерді түсіндіруге және оларды ақтау үшін пайдалануы мүмкін деген ойдың өзінен түршігемін. Африкалық дәстүрге сәйкес ризашылықтың немесе қонақжайлылықтың белгісі ретінде берілетін сыйлық әдетте тек таза символдық сипатқа ие. Сыйлықтар талап ету дәстүрде жоқ. Сыйлықтың құндылығы әдетте материалдық емес, рухани параметрлермен өлшенеді.   Сыйлықтар, әдетте, жасырын түрде емес, ашық түрде әкелінеді. Егер сыйлық дәстүрлі қонақжайлылықтың жай ғана белгісі болу үшін өте бағалы болса, онда ол ыңғайсыз жағдайды тудырады да, сыйлық кері қайтарылады. Қалай деп айтсақ та, сыбайлас жемқорлық біздің дәстүрлі мәдениетіміздің осы бір бөлігін бұрамалап, қиратты»-, деп қынжылған.

Осылайша, әлеуметтік құбылыс ретіндегі сыбайлас жемқорлықты қоғамда мұндай құбылыстарға төзбеушілік меналитетін қалыптастырмайынша жеңу мүмкін емес, тек құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам құрғанда ғана бұл проблеманы шешуге болады.

Қазіргі уақытта, денсаулық сақтау ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлық өзінің ақырына жетуде, өйткені халыққа медициналық көмек көрсету «пациентке бағдарлану» деп аталатын жаңа деңгейге көтерілуде. Тұрғындарға медициналық көмек көрсетуді жақсарту үшін сыбайлас жемқорлық ұғымын жою қажет, перинаталдық орталық мекеме қабырғасында сыбайлас жемқорлықтың дамуына қолайлы жағдайдың жасалуына барынша бетін қайыруда.  Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу онымен күрестің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Қазақстан Республикасында азаматтық мемлекетті құру жолында әрбір азамат осы кеселге қарсы күрестегі өзінің ролін тұтастай мойындауы және бұл ұғымды жоюда мейлінше ат салысуы тиіс!