2017 жылғы 24 қарашада Облыстық перинаталдық орталықта Орал қаласы МҰ ауруханалық эпидемиологтарының бастамашыл тобының Дөңгелек үстелі өтті.
Кездесуде нормативтік-құқықтық актілер, сондай-ақ эпидемиология саласындағы бірқатар проблемалық мәселелер талқыланды. Кездесудің мұндай түрі медициналық көмек сапасын жақсарту үшін бірқатар ұсыныстар әзірлеуге септігін тигізді. Бұдан былай мұндай кездесулерді жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.