Баланың барлық іс-әрекетін бақылап отыру оңай емес. Сол себепті кішкентайларыңыздың бір нәрсені жеп, қақалып, шашалып қалатын кездері жиі кездесіп тұрады. Кейде олар өздері жөтеліп, тамағына тұрып қалған затты шығара алады. Ал көп жағдайда сіздің көмегіңізге жүгінеді. Сондықтан бұл мақаланы бала түйіліп қалғанда алғашқы көмекті қалай көрсету керектігін білмейтін ата-аналарға арнағымыз келіп отыр. 
Сәбидің қақалып қалғанын қалай анықтаймыз?

Ең алдымен әрбір ата-ана егер бала жылап, көмекке шақырса, оның тыныс алу жолының бітелмегенін және бала ағзасының проблеманы өздігімен шеше алатынын есте сақтауы керек. Бұл ретте баланың арқасынан қайта-қайта қағудың немесе екі аяғынан ұстап сілкілеудің қажеттілігі жоқ. Мұндайда балада пайда болатын жөтел ең үздік көмекші, ал Сізге жағдайды бақылап, баланы тыныштандырғаныңыз жөн.

Ал мынадай белгілер пайда бола бастаса, бірден жәрдем көрсетуіңіз керек:
- баланың көздері бақырайып, үрейленсе.
- сәби дұрыс дем ала алмай, жылап, дауысы қарлығып шығып немесе мүлдем шықпаған кезде.
- бала ауызын айқара ашып, сілекейдің бөлініп шығуы көтерілгенде.
- ересек балалар қолдарымен алқымын ұстап алады;
- аса күрделі жағдайларда бала есінен танып қалуы мүмкін.

Жоғарыда аталғандардың барлығы баланың тыныс алу жолында бөгде заттың тұрып қалғанын және оның қалыпты тыныс алуына кедергі болып тұрғанын куәландырады. Бұл жағдайда дереу жедел жәрдем шақыртамыз (тел. 103) және балаға алғашқы көмек көрсете бастаймыз.
Бір жасқа жетпеген балаларға қалай көмектесеміз?

1 жасқа дейінгі балалар көбіне тамақтандыру кезінде сүтке, тамақтың ірі кесектеріне, суға шашалып қалып жатады. Мұның ең таралған себебінің бірі – баланың денесін дұрыс ұстамау. Ендеше сәбиге қалай көмектесуге болады?
Әдістердің біреуі - баланың қолын жоғары көтеріңіз. Бұл әдіс туралы көп ешкім естімеген шығар. Бір қарағанда өте қарапайым әрі пайдасы жоқ секілді көрінеді. Алайда мұндай қалып баланың тыныс алу жолының кеңеюіне және тыныс алу процесінің жөнге келуіне ықпал етеді.
Бұл әдіс көмектеспесе, баланы етбетімен қолыңызға жатқызып, жауырынынан 5 рет қағыңыз.

- егер бала кішкентай затқа немесе тамаққа қақалып қалса, оны екі аяғанынан ұстап көтеріңіз немесе тілінің түбіне дейін саусағыңызды тығып, құстырыңыз (3 сурет). 
Егер бала тыныс алуы қалыпты болса, алайда бұл ретте бала қатты жөтелсе, онда тамақ түйіршіктері тыныс алу жолында емес, көмейде тұрып қалған болуы тиіс. Әдетте жөтелдің немесе құсу кезінде бөгде зат өздігімен сыртқа шығады. Ең қауіптісі бұл - баланың тыныс алу жолында тамақ немесе бөгде зат тұрып қалуы. Мұндай жағдайда уақытылы немесе дұрыс көрсетілмеген көмек баланың тұншығып қалуына, тіпті қайтыс болып кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Тамақтың немесе бөгде заттың тұрып қалуының негізгі белгілері – бала айғайлай да, жылай да алмайды, қолдарымен сермеп, қарынын ішіне тартады. Баланың тыныс алу жолын босату үшін бірнеше тәсілдер бар:

  1. Егер бала суға немесе сүтке шашалып қалса, ол қатты жөтеле бастайды, бұл кезде баланы қолыңызға екбетімен алып, бір қолыңызбен ішін қысып ұстап, төмен қарай еңкейтіп, арқасынан ақырындап ұру қажет.
  2. Егер бала суға, сүтке немесе сілекейіне қақалып қалып, жоғарыда аталған әдіс көмектеспесе, баланы басы кеудесінен сәл төмен ұстап арқасына жатқызу керек. Содан соң баланың төс сүйегіне бас саусағымызды қойып, бес рет басамыз. Әрбір басқан сайын бала кеудесінің керілуін бақылаймыз. Жедел жәрдем келгенше кезекпе-кезек саусақтарымызбен басуды және 1 тармақта көрсетілгендей арқасынан ұрғыштауды қайталамаймыз (2 суретті қараңыз).
  3. Қатты бөгде зат тұрып қалған жағдайда (мұз кәмпит немесе жақсы көретін ойыншығының көзі) баланы бетін төмен қаратып қолымызға аламыз. Бұл ретте баланың басы кеудесінен төмен қалыпта болуы тиіс. Бос қолымызбен баланың жауырынының арасынан ақырындап ұрғылаймыз (2 сурет). Екінші тәсіл – баланы аяғынан ұстап, басымен төмен қаратып ұстаймыз, сосын жауырынының арасынан ұрғылаймыз (3 сурет).

(2 сурет)

 

  • Баланы басы кеудесінен төмен болатындай етіп қолыңызға бетін төмен қаратып ұстаңыз.
  • Алақаныңызбен бала жауырынының арасынан 5 рет қатарынан ақырындап ұрыңыз.
  • Әрбір ұрған сайын тыныс алу жолында тұрып қалған заттың шыққанын не шықпағанын тексеріңіз.

Егер тұрып қалған бөгде зат шықпаса, онда баланы шалқасынан жатқызыңыз.  Қос саусағыңызды баланың төсіне қойып, баланың кеуде тұсын тереңдігі 1-2 см болатындай етіп, әрбір басқан сайын кеудені керілгізбей, саусақтарыңызды алмай 5 рет  басыңыз.
Егер бұл шаралар көмектеспесе, жедел жәрдемге тағы да қоңырау шалыңыз, сіздің шақыртуыңыздың қабылданғанына көз жеткізіңіз. Жедел жәрдем кегенше алғашқы көмек көрсетуді жалғастырыңыз, кезекпе-кезек арқасынан ұрғылаңыз және кеуде тұсынан саусақтарыңызбен басыңыз. Егер бала есінен тана бастаса, жасанды тыныс алдыру және жүрегіне жанама массаж жасауды бастаңыз.

 

(3 суретбаланы аяғынан ұстап, басын төмен қарата ұстаймыз және жауырынының арасынан қағамыз

Барлық жасаған қимылдарымыз ақырын, бірақ оқыс болуы тиіс. Мұндай қимылдарды жасаған кезде қатты күш салудың қажеті жоқ, өйткені 1 жасқа дейінгі баланың ішкі органдарына зақым келуі мүмкін. 
Кейбір деректерде дұрыс емес кеңестер беріледі, мысалы саусақпен баланың көмейіне сұғып, тұрып қалған бөгде затты алып шығару. Мүмкін баланың тамағына егер жұмсақ зат, мысалы мақта тұрып қалса бұл тәсіл көмектесуі мүмкін. Алайда көп жағдайда сіз баланың тамағына тұрып қалған затты одан әрі итеріп жіберуіңіз мүмкін, егер мұндай жағдай орын алса, онда ол хирургиялық араласуды талап етеді.

1 жастан асқан балаларға алғашқы көмек 
(мақаланың соңындағы бейнефильмді қараңыз)
Мұнда ең бастысы – үрей туғызудың қажеті жоқ. 1 жастан жоғары балалар көп нәрсені түсіне біледі, сондықтан шектен тыс алаңдаушылық пен күйгелектік баланың мұндай жағдайда психикалық жай-күйін одан әрі қиындата түсіреді. 
Мұнда көмек көрсетудің негізгі принциптері 1 жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін көмекке ұқсас. Баланың тамағына  тамақ түйіршіктерінің немесе бөгде заттар тұрып қалған жағдайда, баланың өздігімен жөтеле ала алатынына қарамастан оны құстыру немесе екі аяғынан ұстап жоғары көтеру керек. Егер жоғарыда аталып өткен тәсілдер көмектеспесе, баланы шалқасынан жатқызып, оның басын кішкене бір жанына қаратып бұрамыз. 
Енді ішінің жоғары бөлігі мен төсінің төмен бөлігінен жоғары қарай бағытта бірнеше басуды орындау қажет.  Мұндай тәсіл тыныс ау жолына тұрып қалған затты итеріп шығаруға көмектеседі.

Тағы бір тәсілАрқасынан 5 рет қағу (ұру).

Баланың артынан отырыңызы немесе тұрыңыз, бір қолыңызды баланың кеудесінен көлденеңнен ұстаңыз. Баланы қолыңызға сүйенетіндей етіп, кішкене алға қарай еңкейтіңіз. Бос қолыңыздың алақанымен баланың арқасынан, тікелей жауырынының арасынан бес рет ұрыңыз. 
Бір жастан жоғары балалардың тамағына кәмпит, тамақ түйірі немесе кез-келген бөгде зат тұрып қалған кезде Хелимч әдісі тиімді. Ол мынадай:

  1. баланың артынан тұрамыз (бойы кішкентай болса – тізелеп тұрамыз);
  2. баланың белінен қысып ұстаймыз;
  3. бір қолымызды жұдырықтап, қабырғаларының арасында, үлкен саусағымызды ішке қарай баланың кіндік тұсына қоямыз;
  4. екінші алақанымызбен жұдырығымызды қысып ұстаймыз;
  5. білектерімізді жанға қарай тартып, баланың ішін жоғары қарай қысамыз.



Мұндай әрекетті тамақ түйірі баланың тыныс алу жолынан шыққанша орындай береміз. Мұндай әдісті 1 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайтынын есте сақтаңыз.

Баланы алға қарай еңкейтіңіз және алақаныңызбен жауырын арасынан 5 рет қатты ұрыңыз. Ұрған сайын тамақта тұрып қалған заттың шыққан-шықпағанын тексеріңіз. Егер тыныс алу жолынан тұрып қалған зат шықпаса, келесі пунктке көшіңіз.

Бір қолыңызды арқасына, ал екінші қолыңызды кеуде тұсының ортасына қойыңыз. Кеуде тұсының ортасына қойған қолыңызбен шамамен жүрекке жасаған массаж сияқты 5 рет қатты басыңыз, әрекетіңіз біраз жай және оқыс болуы тиіс.

Егер бұл шаралар көмектеспесе, жедел жәрдем шақыртыңыз, ол келгенше кезекпе-кезек арқасынан 5 рет ұрып, төсінен 5 рет басуды жалғастыра беріңіз.

Егер бала тыныс алуын доғарса не істейміз? 
- баланы еденге етбетімен жатқызамыз.
- басын аздап артқа қисайтамыз. 
- иегін көтереміз.

Еге мұндай әрекеттер тиімсіз болса, дереу жасанды тыныс алдыруды орындау қажет. Ол былайша жасалады:

  • баланы шалқасынан тегіс жерге жатқызамыз;
  • баланың басын артқа қарай шалқайтып, ауызын ашамыз;
  • баланың ауызында бөгде заттың жоқтығын тексеріңіз;
  • терең дем аламыз;
  • ауызымызбен баланың мұрны мен ауызын жауып, ішке алған ауаны үрлейміз;
  • 2 рет қайталаймыз. Егер баланың кеудесі демді ішке тартқан кезде көтерілсе, онда сіз жасанды тыныс алдыруды дұрыс жасап жатырсыз. Егер баланың кеудесі көтерілмесе, онда оның тыныс алу жолының бөгде затпен бітеліп тұрғанын көрсетеді және бөгде затты алып тастау үшін сізге алғашқы көмек емшарасына  қайта оралу қажет;
  • одан әрі бір қолымыздың алақанымен баланың кеуде тұсының ортасына қойып, оны екінші қолымызбен оны жауып, оқыс бірнеше рет басамыз.  Әрбір басуымыз қатты әрі тез болуы тиіс, баланың кеудесін шамамен 5 сантиметрдей төмен түсіру қажет. Әрбір басудан кейін баланың кеудесін қалыпты жағдайға келуіне мүмкіндік жасау керек;
  • ауызы мен мұрнына ауа үрлеу арқылы 15 рет басуды кезекпе-кезек жасаймыз.

Мұндай жағдайлардың алдын алу шаралары 
Баланың тыныс алу жолына кез-келген заттың тұрып қалмауының алдын алу үшін, бірқатар сақтық шараларын орындауымыз қажет:

  • жұмсақ ойыншықтарды мұқият таңдап алыңыз – ойыншықтың түгі өте ұзын болмауы керек және оңай жұлынып қалмауы тиіс;
  • ұсақ бөлшектері бар ойыншықтарды бала саналы жасқа толғанша алмаған жөн;
  • баланы ерте жастан бастап барлық затты ауызына сала бермеуін бақылап жүру қажет;
  • баланы тамақты мұқият жеуге және тамақ ішу кезінде ойнамауға үйрету керек;
  • баланың жақсы тамақтануы үшін тамақ ішіп жатқан кезде үстелдің үстінен кез-келген ойыншықты қадрымау керек;
  • балаға беретін тағамдарды міндетті түрде үккіштен өткізіңіз. Ал балық пен жеміс-жидектерді сүйектерінен жақсылап тазалап беріңіз.

Тағы да бір маңызды жайт – бала күштеп тамақтандырмаған жөн. Бала тамақ ішкісі келмесе, ол тамақтан айналшақтайды, қашқақтайды, ал бұл оның қақалып немесе шашалып қалуына үлкен себепкер болады. 
Бұл мақалада біз балаға алғашқы көмек көрсету жолдарын ғана айтып бердік. Қандай жағдай болмасын, жедел жәрдемді шақырту – ең қажетті шара. Тіпті проблеманы өзбетіңізбен шешкен жағдайда да, баланың тыныс алу жолын зақымдап алғанын немесе алмағанына дұрыс жауап ала алмайсыз. Сондықтан маманның кеңесі Сізге жағдайдың дұрыстығына көз жеткізуге мүмкіндік береді.