Емдеуге жатқызу бюросының негізгі мақсаты бұл - азаматтардың медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоспарлы емдеуге жатқызудың қолжетімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету.
Емдеуге жатқызу бюросы порталы - бұл интернет-ресурс ( www.bg.eisz.kz),  мұнда пациент алдағы үш күнге республика бойынша кез-келген стационардағы бос койкалар туралы ақпарат ала алады. Егер пациент дәрігерден емдеуге жатқызуға коды бар жолдама (емдеуге жатқызу таллоны немесе "квота") алған болса, онда ол өңірлік және республикалық клиникалар бойынша ағымдағы күту парағын қарап, өз кезегін бақылай алады. 
Стационарға жоспарлы емдеуге жатқызудың тәртібі 
Жоспарлы емдеуге жатқызу – бұл созылмалы ауруға және жедел дәрігерлік араласуды талап етпейтін, өмірге қауіпсіз жағдайларға көрсетілім (анықталған жағдайда) болған кезде дәрігердің пациентке беретін жолдамасы. 
Жоспарлы емдеуге жатқызу Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттің медициналық ұйымды таңдауын ескеріле отырып бірнеше күн ішінде жүзеге асырылады.
Жоспарлы емдеуге жатқызу үшін: 
1. Дәрігерге тіркелу орны бойынша жүгіну;
Пациент жүгінген кезде, емхананың емдеуші дәрігер оны тексереді, ауруды анықтау үшін қажет зерттеулерді толық көлемде тағайындайды. 
2. Емхана жағдайында (қажетті) ең аз тексерулерден өту;
Емдеуші дәрігер стационардың бөлімше меңгерушісімен бірге науқасты емдеуге жатқызу қажеттігі туралы шешім шығарады. Дәрігер жоспарлы емдеуге жатқызу үшін көрсетілімдерді анықтағанда, пациент  дәрігермен медициналық ұйымды таңдау мәселесін талқылауға тиіс. Емдеуге жатқызудың қажеттілігі туралы шешім шығарылған жағдайда, дәрігер жолдаманы ресімдейді (міндетті түрде пациенттің денсаулық сақтау ұйымын таңдау еркін ескеріп), онда емдеуге жатқызудың коды мен күнін көрсетіп, одан кейін пациент туралы деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталында тіркейді.  
3. Дәрігер пациент туралы деректерді Емдеуге жатқызу бюросы порталына енгізеді және қолына «Жоспарлы емдеуге жатқызуға арналған талонды» береді, ондағы код бойынша пациент www.bg.eisz.kz сайтынан жоспарлы емделуге жатуға өзінің кезегін бақылай алады, сондай-ақ стационарда бос койканың бар-жоғы туралы ақпаратты қарай алады. Мәліметтер қатаң түрде құпия болып табылады.
4.  Стационар өтінімнің Порталда тіркелген сәттен бастап 2 күн ішінде жоспарлы емдеуге жатқызудың алдын ала күнін айқындайды;
5.  Стацинар емдеуге жатқызудың күнін анықтаған соң, дәрігер пациентке жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамасын береді. Жолдаманы пациент өзбетімен емдеуші дәрігерден немесе оны үйге жеткізу ақылы ала алады;
6.  Емдеуге жатуды күті кезеңінде пациент емдеуші дәрігерд бақылана береді. Бақылау міндетті түрде үздіксіз жүргізілуі тиіс.
7. Пациент емделуге жатуға жолдамада көрсетілген күні келуге міндетті. Болжанбаған жағдайлар пайда болған кезде (өзге жіті аурудың болуы, басқа жаққа кетіп қалуы, билеттің болмауы, т.б.) пациент учаскелік дәрігерді уақытында хабардар етуі тиіс. Пациент келмеген жағдайда, өтінім күшін жояды.
Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде пациенттің өзімен бірге мына құжаттары болуы тиіс: 
Жеке куәлігі;
Барлық талдаулар мен диагностикалық зерттеулер қорытындылары;
Емдеуге жатқызу талоны;
Жоспарлы емдеуге жолдаған медициналық ұйымның бірінші басшысының мөрі мен қолы бар емдеуге жатқызу жолдамасы.
Қандай жағдайларда стационар пациентті емдеуге жатқызудан бас тарта алады: 
1.Пациент емдеуге жатқызу күні келмегенде (күту мерзімі 3 күнге дейін).
2.МСАК деңгейіндегі зерттеулердің ең төменгі көлемі орындалмағанда.
3.Емдеуге жатқызу сәтінде қарсы көрсетілімдер болған кезде (созылмалы аурудың асқынуы, пациентте ЖРВИ-дің тіркелуі және т.б.).
4.Пациенттің емделуге жатудан жазбаша бас тартуы (отбасылық жағдайлар және т.б.).
5.Бейінді емес пациент (ауру кодының, койка кодының дұрыс таңдалынып алынбауы және т.б.).
6.Жоғары мамандандырылған медициналық көмекпен (ЖММК) емделуге мұқтаж.
7.Емдеуге жатқызуға байланысты емес жағдайлар (қажетті медициналық мақсаттағы бұйымның болмауы, мемлекеттік тапсырыс көлемінің орындалмауы және т.б.).