2017 жылғы 1 шілдеде Астана күнін мерекелеу аясында Облыстық перинаталдық орталықта репродуктивтік жүйенің проблемалары бар әйелдер үшін «Ашық есік күні» өткізілді.
М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің №1 акушерия және гинекология кафедрасының жетекшісі, м.ғ.д., доцент Рыжкова Светлана Николаевна консультативтік көмек көрсетті. 20 жуық әйелге консультация беріліп, оларға одан әрі тексерілу мен бақылануға ұсыныс жасалды.
Сондай-ақ, облыстық перинаталдық орталық мамандары: бөлімше меңгерушілері Джубанова Г.Т., Даулетбаев А.Т., УДЗ-диагностика маманы Таскалиева А.Е., жатыр мойыны патологиясы кабинетінің акушер-гинекологы Ненашева А.И., жүктілікті аяғына дейін көтере алмау жөніндегі кабинет маманы Байгенжеева Г.Е. қабылдау жүргізіп, барлығы 28 әйелге қызмет көрсетілді.
Сол күні С.Н.Рыжкова «Сүт бездерінің дизгормоналдық ауруларының гинекологиялық аурулармен өзара байланысы» тақырыбында облыстың акушер-гинекологтары үшін дәріс оқыды. Оған 52 маман қатысты.