«Дәрігердің қабылдауына жазылу» қызметі БҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК-ның кеңесші-диагностикалық блогында тек МСАК ұйымы мамандарының ұсынымы бойынша көрсетіледі. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға тегін және келесі тәртіпте көрсетіледі:  

1.     Емханаға (қала, ауыл) бару кезінде медициналық қызметкер онлайн-режимде (тәулік бойы) КазМедИнформ бағдарламасында пациентті қажетті консультацияға немесе диагностикалық зерттеуге жазуды жүргізеді.  

2.     Пациенттің қолына 2 жолдама беріледі. Бірінші жолдама КазМедИнформ бағдарламасына, мұнда көрсетіледі: қызмет түрі; келу күні мен уақыты; жолдама берілген ұйым атауы; қызмет коды мен атауы. Екінші жолдама «Емхана АТЖ» порталы арқылы, мұнда көрсетіледі: қызмет түрі; жолдама берілген ұйым атауы; қызмет коды мен атауы.

Пациенттер Кеңесші-диагнсотикалық блок маманына бару күні мен уақытын қатаң сақтауы қажет.

Осы қызметті көрсетуді бастауға пациенттің Перинаталдық орталықтың тіркеу бөліміне жүгінуі, жеке куәлігін мен жолдаманы ұсынуы негіздеме болып табылады.

Тіркеуші дәрігердің қабылдау күні мен уақыты, кабинет нөмірі туралы ауызша ақпарат ұсынады.