Created: 05 Шiлде 2019
1508

ДӘРІГІЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК-да дәрілік қамтамасыз ету  «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінім перинаталдық орталық бөлімшелерінен берілетін өтінімдердің және өткен жылдың шығысының негізінде жоспарланады.

Дәрі-дәрмектерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізу «СК-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы арқылы орталықтандырылып жүргізіледі. Бірыңғай дистрибьютордың тізіміне енбеген дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар тендер тәсілімен әлеуетті өнім берушілерден сатып алынады. Барлық дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың олардың қауіпсіздігі мен сапасы туралы қорытындысы болады.