Created: 17 Ақпан 2021
355

Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Стационарлық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 қазанда № 12204 болып тіркелді.

       "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 94) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған Стационарлық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
  2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәлеметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі А.В. Цойға жүктелсін.
  2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі

Т. Дүйсенова


 

Қазақстан Республикасында
стационарлық көмек
көрсету қағидаларына
14-қосымша

 

"Емдеуге жатқызу бюросы порталы арқылы пациенттерге стационарға емделуге жатқызуға жолдама беру"мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1

Қызмет берушінің атауы

Денсаулық сақтау субъекті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

1) қызмет беруші;
2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі - портал)

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

1 жұмыс күні ішінде;
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 1 күн ішінде, тапсыру уақыты - 30 минут.

4

мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық және қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

1) 001-3 / е нысаны бойынша берілген стационарға емдеуге жатқызуға жолдама;

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі - дүйсенбіден сенбіге дейін (дүйсенбі - жұма сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін үзіліссіз, сенбі сағат 9.00- ден 14.00-ге дейін.
2) портал - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

көрсетілетін қызметті берушіге:
1) тікелей жүгінген кезде сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжат;
2) медициналық-санитариялық алғашқы көмек немесе медициналық ұйым мамандарының жолдамасы;
3) бағытталған диагноз бойынша клиникалық-диагностикалық зерттеулердің нәтижелері (диагноз қою және емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес)

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтауы
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актісінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер бойынша бірыңғай байланыс-орталығының 8-800-080-7777, 1414 телефоны бойынша ақпарат алу мүмкіндігі бар.