Created: 26 Маусым 2019
2530

Гинекология бөлімшесі

Гинекология бөлімшесі

Бөлімшеде 5 дәрігер жұмыс жасайды, соның ішінде – 4 дәрігердің жоғары біліктілік санаты бар; 18 медбике, олардың ішінде 5 – і жоғары санаттылар, 3 – і бірінші санатты, 2-і екінші біліктілік санаты бар медбикелер; 16 кіші медициналық қызметкерлер.

Даулетбаев Аскарбек Тамашевич – гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 15 жылдан жоғары. 1995 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған.

Каракулов Нургазы Сергазиевич – жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 20 жылдан жоғары. 1987 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған.

Ниязова Клара Торесовна – жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 20 жылдан жоғары. 1979 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын аяқтаған.

Қазіргі уақытта жоспарлы тәртіпте бізде келесі операциялар орындалады:

Жатырға және қосалқыларға ірі қуыстық операциялар, соның ішінде жатырдағы қатерсіз ісіктерге (жатыр миомасы, эндометриоз).

Миоматоздық түйіндердің әртүрлі көлемдері кезіндегі, алдын-ала гормоналдық дайындаумен ірі миоматоздық түйіндерді қоса алғанда органды сақтап қалумен консервативтік миомэктомия.

Жатырды алып тастау бойынша лапароскопиялық операциялар – жатырды кесіп алып тастау, жатырдың экстирпациясы, соның ішінде жатырдың қатерсіз ісіктері кезінде (жатыр миомасы, эндометриоз).

Миоматоздық түйіндердің әртүрлі көлемдері кезіндегі, алдын-ала гормоналдық дайындаумен ірі миоматоздық түйіндерді қоса алғанда органды сақтап қалумен лапароскопиялық консервативтік миомэктомия.

Шырышасты түйіндердің гистерорезектоскопиялық консервативтік миомэктомиясы.

Жатырдың дамуының ішкі ақаулары кезіндегі гистерорезектоскопиясы (жатырдың қуысының толық және толық емес далдалары).

Оперативтік манипуляцияның органсақтау технологияларын пайдаланумен әртүрлі генез (киста, кистома) анабездерінің қатерсіз ісіктері кезіндегі операциялар – анабездің сау жасушалары шегінде ісік тәріздес пайда болуларды сылып тастау.

Жыныстық мүшенің ірі ісіктерін хирургиялық емдеу, ІІІ-ІV дәрежедегі жабысу процесіндегі.

Жүктілікті ұзартуға бағытталған жүктілік кезіндегі кешенді емдеумен бірге анабездерінің ісіктерін лапароскопиялық алып тастау.

Гениталдық пролапс кезінде қынап қабырғасын өз тіндерімен жапсыру (қынап пен жатыр қабырғаларының әртүрлі дәрежедегі төмен түсуі).

Жатырдың толық түсуі кезіндегі жатырдың қынаптық экстрипациясы.

PROLIFT, PROLEN – синтетикалық торлы протездерін қолданумен гениталдық пролапсты түзету (қынап пен жатыр қабырғаларының әртүрлі дәрежедегі төмен түсуі). Операциялық араласулар лапаротомдық және лапароскопиялық жолдармен орындалады.

Несепті ұстамауды синтетикалық TVT-o тор ілмегімен түзету.

Несепті ұстамауды лапароскопиялық түзету – Берч операциясы.

Әртүрлі гениталдық терең жараларды хирургиялық түзету, соның ішінде лапароскопиялық түзету.

Кіші жыныс ернеулерінің гипертрофиясы кезінде сыртқы жыныс органдарының пластикасы.

Лекоплакияға байланысты бұтараға пластикалық операциялар.

Одан әрі жатыр қуысын қырнаумен гистероскопия жасау немесе жатыр қуысындағы заттарды аспирациялау: әдеттегі көтере алмау, жатыр қуысынан инфекцияларға ПЦР-қырынды алу; гормональдық бейінге кешенді тексеру және гормональдық бұзылушылықтарды түзетумен жүктілікті аяғына дейін көтере алмаушылықты емдеу,

Цервикальдық жол мен жатыр қуысының полипі (эндометрия). Гиперплазия, эндометрия, кіші жамбас органдарында жоспарлы операциялар жүргізудің алдындағы диагностикалық емшаралар

Жүктілікті аяғына дейін көтере алмаушылық кезіндегі истмико-цервикальдық жетіспеушіліктегі жатыр мойынын тігу. Қынаптың, жатыр мойынының, бұтараның босанудан кейінгі ақауларын жою; Сыртқы жыныс органдарында косметикалық пластикалық операциялар жсау (соның ішінде жарғақшаны қалпына келтіру). Жатыр түтікшелерін хирургиялық лапароскопиялық зарарсыздандыру. Дәрі-дәрмектік түсік түсіру. Ваккумдық аспирацияны қоса алғандағы жүктіліктің 12 апталық мерзімінде медициналық түсік түсіру. Жүктілікті медициналық және әлеуметтік көрсеткіштері бойынша жүктіліктің 22 апталық мерзімінде үзу.

Диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына, 07.04.2010ж. №239, 05.01.2011ж. №3, 11.05.2011ж. №280,  30.10.2009ж. №626 бұйрықтарына сәйкес ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК гинекология бөлімшесі жағдайында жоспарлы операциялық араласуларға, манипуляцияларға және инвазиялық араласуларға қажетті алдын-ала тексерудің келесі тізбесі ұсынылады.

Бірнеше операциялық араласулардың алдында бөлімше дәрігерлерімен кеңесуден кейін арнайы дайындық болжанады:

Гениталдық пролапсқа байланысты жасалатын операциялардың алдында синтетикалықэстерогендерді қолдану, ОВЕСТИН синтетикалық тор протездерін болжаулы қолдануда(5-7 күн 1 рет) сарпай сақинасы мен қынап маңайына 2-3-4 ай бойы қолдану міндеттітүрде.

Ішекті дайындау – барлық қуыстық операциялық араласулардың алдында міндетті түрде– ФОРТРАНС (1 пакетті суға ерітіп, күн бойы қабылдау; емдеуге жатқыбастан 1 күн немесе 2 күн бұрын қабылдауды бастау және емдеуге жатқызар күні қабылдау қажет.