Created: 26 Маусым 2019
1361

АНЕСТЕЗИОЛОГИЯ ЖӘНЕ РЕАНИМАЦИЯ БӨЛІМШЕСІ

Реанимация бөлімшесі

Анестезиология және реанимация бөлімшесі босандыру және босанудан кейінгі кезеңдерде қажетті анестезиологиялық жәрдем пен реанимациялық іс-шараларды көрсетуге арналған. Бөлімше 9 операциядан кейінгі койкаға есептелген.

Құрамында 2 дәрігер және 4 медбике бар бригада тәулік бойы кезекшілік жүргізеді.

Бөлімшеде операциядан кейінгі кезеңдегі, жүктілігі асқына жүрген және босанудан кейінгі кезеңдегі, қосалқы аурулар бар пациенттер емделеді.
Бөлімшеде тек тәжірибелі, жоңары білікті мамандар жұмыс жасайды.

Бөлімше замануи реанимациялық және анестезиологиялық жабдықтармен, мониторинг құралдарымен жарақталған. Пациенттерге көмек көрсету үшін жоғары технологиялық бір рет пайдаланылатын шығын материалдары мен акушерияда қолдануға ұсынылған замануи анестетиктер пайдаланылады.

Перинаталдық орталықтың анестезиология және реанимация бөлімшесі төмендегі жабдықтармен жарақталған:

  •  ағзаның өмірлік маңызды көрсеткіштеріне секунд сайын бақылауға мүмкіндік беретін мониторлармен;
  •  перфузорлармен және инфузоматтармен (дәріні үнемі берілген жылдамдықпен вена ішіне енгізуге арналған аспаптар);
  •  өкпені жасанды вентиляциялау, тыныс алу жолдарын санациялау аппараттарымен;
  •  дефибрилляторлармен;
  •  медициналық газдарды беруге арналған жүйесімен;
  •  тұрақты температура мен ылғалдықты сақтауға мүмкіндік беретін климат-бақылау жүйесімен.

Босандырулар мен кесарь тілігі операциясы кезінде жансыздандыру әдісін таңдауда міндетті түрде пациенттің қалауын ескеру қажет. 
Осылардың барлығы босанудың барынша жайлы және қауіпсіз болуын қамтамасыз етеді.

Бөлімшеде анестезияның келесі әдістері қолданылады:

  • босандыруларды жансыздандыру үшін ұзақ уақытқа созылатын эпидуральдық анестезия;
  • арқалық анестезия (кесарь тілігі операциясы кезіндегі таңдау әдісі)
  • көпкомпонентті эндотрахеалдық наркоз (арқалық анестезияға қарсы көрсетілімдер болған жағдайында). 

Босандыру кезіндегі жансыздандыру медициналық көрсеткіштерге сәйкес қолданылады.

Сонымен қатар, аясы тар мамандардың (окулист, невролог, кардиолог және т.б.) қанша қажет болса сонша қосымша кеңес берулері жүргізіледі.