Анасы - Ақжайық ауданы Чапаев ауылының тұрғыны Сисенғалиева Шынар Бержанқызы 01.07.2022ж. күні жүктіліктің 29 аптасында сағ.14.04-те үшем дүниеге әкелді. 1-ші баласы (ұл) салмағы 1390 гр, 2-ші баласы (қыз) салмағы 1310 гр, 3-ші баласы (ұл) салмағы 830 гр.
Балаларға Ерназ, Айназ, Алмаз деген ат қойылды.
Ана мен балалар 2 ай бойы дәрігерлердің бақылауында болды. Бүгінгі таңда ана мен балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады. Үйде оларды үлкен әпкесі мен үш ағасы күтіп отыр. Айта кетейік, алдыңғы жүктілік кезінде Шынарда егіз дүниеге келген болатын.