Created: 04 Тамыз 2022
14

2022 жылғы 03 тамызда Облыстық перинаталдық орталығының жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің акушерлері «Бала мен ана үшін емшек сүтімен тамақтандырудың артықшылықтары» тақырыбында пациенттер арасында викторина өткізді

2022 жылғы 03 тамызда Облыстық перинаталдық орталығының жүкті әйелдер патологиясы бөлімінің акушерлері «Бала мен ана үшін емшек сүтімен тамақтандырудың артықшылықтары» тақырыбында пациенттер арасында викторина өткізді. Викторина емізуді қолдаудың Дүниежүзілік апталығына арналды. Жүкті әйелдер емшек сүтімен емізу туралы дәріс тыңдады, онда осы тақырып бойынша барлық сұрақтар: емшек сүтінің құрамының бірегейлігі, баланы омырауға қою ережелері, сүзу ережелері, емшек ұшына күтім жасау, емшек сүтімен байланысты қиындықтар мен асқынулар туралы айтылды. Қатысушылардың емшекпен емізу бойынша ақпараттандырылу деңгейін анықтау үшін викторина өткізілді. Викторинаға қатысушылардың барлығы диплом алды.