Created: 15 Шiлде 2019
282

«Қасиетті домбыра» акциясы өтті  

 

Қазақ ұлттық аспабы – домбыраны танымал ету арқылы ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту идеясының айналасында қоғамды одан әрі біріктіру мақсатында, 2019 жылы 7 шілдеде Облыстық перинаталдық орталық базасында ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 12 шілдедегі Жарлығымен бекітілген жаңа "Ұлттық

домбыра күні" мерекесін мерекелеуге сәйкес Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен "Қасиетті домбыра" акциясы өтті.

Осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері ұлттық аспап - Домбыраны (ҚХА логотипі бар) перинаталдық орталықта алғашқы 15 жаңа туылған сәбиге салтанатты түрде сыйға тартты. Әр сыйлық Домбыраның маңыздылығы мен бағасыздығы туралы мәтінмен балаға естелік тілеумен сүйемелденді.

Бұл акция Қазақстанның жаңа азаматтары мен олардың ата-аналары үшін балалардың рухани қалыптасуында өмірлік маңызды бағыт болады.